Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Қазақстандағы Франция Елшілігінің өкілдері келді.
Елшіліктің ынтымақтастық жөніндегі атташесі Александра Тиркюир Менс және Мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесші Алекс Бортолан Зияткерлік мектептер жүйесімен танысты. Мектепті аралаған Елшілік өкілдері мектеп оқушыларының жобалау, зерттеу жұмысын ұйымдастыруға арналған NIS HUB – мектеп технопаркіне ерекше қызығушылық танытты.
Франциялық дипломаттар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова, Зияткерлік мектептерді дамыту Департаменті директоры Рустам Абилов, Зияткерлік мектеп директоры Мейрам Жәкеновпен бірге NIS және Елшілік арасындағы достық бағыттарды, түйісетін тұстарын анықтап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады.