ГАННОВЕРДЕН СӘЛЕМ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АПТА ӘСЕРЛЕРІ

Жақында Зияткерлік мектепке Ганновер аймағындағы серіктес мектептен хат келді.

Хатта алыстағы достар өткен сапарларынан кейінгі өз әсерлерімен бөлісіп, көрсетілген ыстық ықылас  үшін алғыстарын білдірді.

7-14 қыркүйек аралығында қонақтар елорданың көптеген көрікті жерлерін: Ұлттық мұражайды, Назарбаев Университетін және Орталық Азиядағы ең үлкен мешітті аралаған болатын.

Сондай-ақ, неміс оқушылары Мәжіліс жұмысымен танысты, бірлескен және пленарлық мәжіліс залдары мен Парламент кітапханасын көрді.

Бурабайға сапар барысында қонақтар еліміздің әсем табиғатын тамашалап, Макенск кентіндегі ауыл мектебінің оқушыларымен кездесті.

Болашақта да екі елдің жоғары сынып оқушылары арасындағы осындай достық алмасу дәстүрі жалғасатына  сенім білдірді.

Виктор:

Біздің топ бұл сапардан көп әсер алды! Мен көптеген жаңа достар таптым және олармен байланыста болуды жоспарлап отырмын. Бұл сапар мен үшін қызықты және пайдалы жаңа мәдениетке айналды.

Георг:

Басқа білім беру жүйесін зерттеу және жергілікті мектептегі сабақтарға қатысу өте қызықты болды. Маған Астана қатты ұнады.

Ремо:

Мен бұл бағдарламаны басқа студенттерге міндетті түрде ұсынамын, өйткені ол айырықша әсермен қатар баға жетпес тәжірибе береді.