Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Темірлан Исмагулов пен Альтаир Ашуров XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері атанды.
Жәутіков олимпиадасы – физика-математика сыныптарында оқитын оқушыларға арналған физика, математика және информатика пәндері бойынша өтетін командалық жарыс. Білім бәйгесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіледі.
IT білімді, физика, математика ғылымдарын насихаттайтын олимпада биыл 7-12 қаңтар аралығында онлайн режимде ұйымдастырылды.
Олимпиадаға әлемнің 21 елінен (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Сербия, Румыния, Тәджікістан, Өзбекістан, Украина, Грузия, Индонезия, Армения, Дания, Қырғызстан, Түрікменстан, Австралия, Иран, Үндістан, Моңғолия, Әзірбайжан, Түркия) 1000-нан астам оқушы 146 команда қатысты. Әр құрама команда 3 математиктен, 2 физиктен, 2 информатиктен тұрды. Альтаир и Темірлан Назарбаев Зияткерлік мектептері командасы құрамында білімдерін сынға салды. Олимпиада қорытындысы бойынша Ашуров Альтаир информатика пәні бойынша 2 орын иеленіп, күміс жүлдегер, физикадан 3 орын алған Исмагулов Темірлан олимпиаданың қола жүлдегері атанды.