ХАЛЫҚТАР БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БИ ШАШУ
26 сәуірде Астана қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде ұлттық би фестивалі өтті.
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жарқын мерекеде мектептің жас өнерпаздары түрлі ұлттың билерін ұсынды. Ерекше шеберлікпен орындалған әрбір би көрермендерді әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің атмосферасына бойлатты.
Мерекеге дайындық барысында Шаңырақтар мен пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері халық биін таңдап, бидің тарихын, дәстүрін зерттеді, оны орындау жолдарын үйренді. Фестивальге қатысушылар Өзбекстан, Корея, Ресей, Украина, Беларусь, Армения, Грузия, Әзірбайжан және басқа да елдердің салт-дәстүрлерімен, би өнерімен танысты.
Мектеп мұғалімдері мен оқушылар би мен музыкадан ләззат алып қана қоймай, мәдени дәстүрлердің байлығы мен алуан түрлілігін түсінуге көмектескен бірегей тәжірибе болғанын атап өтті.