ХАССАН САБЕРЕ: ӘЛЕМ АБАЙДЫ ТАНУЫ ТИІС

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің халықаралық ұстазы, биология пәнінің мұғалімі Хассан Сабере әлем Абайды тануы тиіс екендігіне сенімді.

Қазақтың ұлы ақыны мен ұлы ойшылын әлемге таныту мақсатында Хассан Сабере www.abai.education веб парақшасын жасап шықты. Бұл ақпараттық порталда ұлы ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы  маңызды ақпарат көздері ұсынылған.