2023 жылдың 2 қазанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі басталды.
Биылғы жылы мектепішілік кезеңге жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша 80-тан аса және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 40-қа жуық жоба ұсынылды.
Байқау 2-3 қазан аралығында өтеді.
Бұл күндері құрамында пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің өкілдері, үйлестірушілер кіретін қазылар алқасының назарына мектеп оқушылары өз идеялары мен ғылыми ізденіс нәтижелерін ұсынады.
Байқауға қатысушылар үшін жоба өзектілігін, тақырыпқа сәйкестігін, практикалық жарамдылығын және ғылыми негізділігін қазылар алқасының алдында дәлелдеу маңызды. Жарыс барысында жас зерттеушілер қазылар алқасы мүшелерінің пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап беру мүмкіндігіне ие болды.
Мұндай талқылау жобалардың мықты және әлсіз жақтарын анықтауға, сондай-ақ тақырып бойынша атқарылуы тиіс алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеуге ықпал етті.
Ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз танылған жобалар конкурстың желілік кезеңіне қатысуға жолдама алады.