«Infomatrix-Asia-2019» – компьютерлік жобалар байқауы

Сәуір айының 12-15 аралығында Алматы қаласында Сулейман Демирель атындағы Университетте компьютерлік жобалардың «Infomatrix-Asia-2019» VI халықаралық байқауы өткен болатын.

Осы байқауда  физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Маукей Зульфхар мен  11-сынып оқушысы Алиев Алишер ақпараттық технологиялар саласындағы білімі мен шеберлігін көрсетті. Байқау «Робототехника», «Программалау», «Компьютерлік графика және өнер», «Басқару жүйесі» (hardware), «Қысқа метражды фильм», «Дрондар жарысы» (drone racing), «Математикалық жобалар» сияқты 7 номинация бойынша өтті.

Зияткерлік мектеп оқушылары байқаудың қазылар алқасының назарына «Басқару жүйесі (hardware system)» номинациясында «Comprehensive city security» жобасын ұсынды. Бұл жоба көмегімен жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Қондырғы жүргізушінің жол үстінде қалғып кетуіне жол бермей, көзі жұмыла бастағанда дыбыс шығарады. Сондай-ақ «Comprehensive city security» бағдарламасы адамның бет-бейнесін танып, тәртіп бұзушыларды анықтауға да  көмектеседі.

Байқау қорытындысы бойынша Алишер мен Зульфхар жүлделі 3 орынды жеңіп алып, қола медальмен марапатталды.