Тәуелсіздік күніне арналған мереке

Нур-Султан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтті.

Осынау үлкен мереке қарсаңында мектепте сынып сағаттары мен ашық сабақтар өтіп, көрмелер ұйымдастырылды, қайырымдылық акциялары өткізілді.

Мектептің акт залында сахналық қойылыммен басталған «Тарих шырғалаңынан тәуелсіздік шыңына» атты мерекелік концерт өтті. Оқушылар Ұлы даланың ғасырлық тарихына шолу жасап, сахнада көрнекті қазақ тұлғалары: Жәңгір ханды, Махамбет пен Исатайды, Алаш зиялыларын сомдады. Көрермендер жүзге жуық мүшесі бар «Жігер» домбырашылар ансамблі мен бишілер тобын, фольклорлық ансамбль мүшелерін жылы қарсы алды.
Тәуелсіздіктің 27 жылдығын тойлауға қатысқан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих кафедрасының оқытушылары мектеп кітапханасына естелік кітап сыйға тартты.
Концерт бағдарламасының аса маңызды да салтанатты сәттерінің бірі мектептің оқу-тәрбие процесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мұғалімдердің алғыс хаттармен және медальдармен марапатталуы болды.