ҮЙРЕТЕРІ ҮЛКЕН ҮЙІРМЕЛЕР ШАҚЫРАДЫ

” Қызығушылық жәрмеңкесі” – бұл үйірмелердің тұсаукесері ғана емес, бұл шабыттандыратын алаң.

14 қыркүйек күні  қосымша білім беру педагогтары  жарнамалық шабыт алаңын ұйымдастырып, оқушылардың  өз таңдауын жасауына көмектесті. 

Осы оқу жылында Зияткерлік мектепте 30-тен аса үйірме, секциялар мен клубтар жұмыс істейтін болады. Қосымша білім беру саласының білікті  мамандары балаларды  сурет салуға, билеуге, ән салуға, музыкалық аспаптарда ойнауға, киім тігуге, саз балшықтан мүсін жасауға баулиды. Спортпен әуестенетін оқушыларды мектеп спорт залдары шақырады. Жас спортшыларға  волейбол, баскетбол, теннис, гимнастика, футбол  сециялары ұсынылады.

 Жәрмеңке барысында өз қабілетін шыңдағысы келетін талапты да белсенді балаларды үйірмелер мен секцияларға қуана қабылдады.