Күлкі күні өткен көңілді кездесу

1 сәуір, күлкі мен әзіл – қалжыңға толы күні мектептің акт залында оқушыларды тосын сый күтіп тұрды.

2017 жылдың чемпионы атанған көңілді тапқырлар клубының «Спарта-Номад» командасының капитаны Данияр Жумадилов пен команда ойыншысы Олжас Рымбаев жас зияткерлерге қонаққа келді. Алғаш рет КВН ойындарының жоғарғы лигасының чемпиондары атанып, елімізге ойынның ең басты кубогын алып келген ойыншылар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қызықты әңгіме-дүкен құрды. Көңілді кездесуді мектеп директоры Мейрам Әміржанұлы Жакенов қорытындылап, құрметті қонақтарға ескерткіш сыйлықтар табыс етті.