2019 жылдың 17-28 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Лидерство в области гениальности: создавая мир, в котором хочется жить» тақырыбында жас көшбасшылардың жазғы мектебі өтуде.
Жазғы мектеп Зияткерлік мектептер мен Стэнфорд Университеті арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Курсты Стэнфорд халықаралық жазғы институтында сабақ беретін жаттықтырушы, eBay, Accenture, Square, Facebook сынды компаниялар мен түрлі стартаптардың кеңесшісі Хлоя Гуд жүргізеді.
Жазғы мектептегі лекциялар мен рөлдік ойындар, командалардағы топтық жұмыс, дәйекті сұхбаттар мен қызу пікірталастар оқушыларға өздерін танып, бойларындағы көшбасшы болуға қажетті қаситеттерді дамытуға мүмкіндік береді.
Мадияр: Курстың арқасында өз іс-әрекеттерім мен нәтижелерім арасындағы өзара байланысты анық байқадым. Қазір өзімді, өз мінімді, өз «менімді» қолға аламын деп шештім.
Аида: Хлоя – өте қызық, ақжарқын адам екен. Қызықты ақпараттарға, нақты мысалдар мен қызықты жаттығуларға толы сабақтардағы жайлы орта маған қатты ұнайды.
Сымбат: Жазғы мектепте өзімнің көп мүмкіндіктерімді пайдаланбай жүргенімді білдім, енді өзіме, қолымнан көп нәрсе келетініне сенімділік пайда болды.