КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

«Мектеп басшыларының кадрлық резерві: әлеуеті және даму стратегиялары» бағдарламасы қатысушылар қараша айының 13-17 аралығында елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде тағылымдамадан өтуде. ⠀

Астана қаласындағы орта мектептерде директор орынбасарлары болып жұмыс  атқаратын топ-менеджерлер апта бойы мектеп басқарудағы ең маңызды өзекті сұрақтарға жауап іздейді.

Зияткерлік мектеп әкімшілігі білім мекемесінің  бүгінгі ахуалына сараптама жасау, мектепішілік бақылау, білім сапасының мониторингі, мектептің даму  стратегиясы мен негізгі бағыттары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс ерекшеліктері, мұғалімдердің ішкі аттестациядан өткізу, оқыту үдерісінің ұйымдастырылуы мен  күнделікті сабақтың тәрбиелік аспектісі  жайлы мол мағлұмат берді, табысты стратегиялармен таныстырды.

⠀Тағлымдама барысында директор орынбасарлары сабақтарға қатысып, оқыту үдерісінің ұйымдастырылуын бақылайды, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша таныстырылымдар мен тренингтерге қатысады.