31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 5-сынып оқушыларына арналған жазғы Каникулярлық мектеп өз жұмысын аяқтады.
27-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласы және қала төңірегіндегі жалпы білім беретін мектептерде оқитын 115 бесінші сынып оқушылары Зияткерлік мектеп жанындағы жазғы Каникулярлық мектепте білімдерін шыңдады.
Каникулярлық мектеп Зияткерлік мектепке түсуге дайындықты дұрыс бастауға бағытталған, оқушылардың өздігінше дайындалуына жағдай жасайтын білім жобасы болып табылады.
Жазғы мектептегі сабақтар математика, казақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша Джонс Хопкинс Университеті жанындағы Дарынды Жастар Орталығының бағдарламасы негізінде жүргізілді.
Каникулярлық мектептегі бес күн ішінде оқушылар Зияткерлік мектептің 7-сыныбына қабылдау емтиханы тапсырмаларының үлгісімен танысып, тестілеудің қалай өткізілетіні, үміткерлерге қандай талаптар қойылатыны туралы білді.
31 мамырда оқушыларға Каникулярлық және Виртуалды мектепке қатысқаны туралы Сертификат табыс етілді.
Келесі оқу жылында балалар Виртуалды мектепте оқуларын жалғастырады, тапсырмаларды тиянақты орындаған оқушылар Қысқы мектепте қайта кездеседі.
Ал әзірге біз балаларға жақсы жазғы демалыс тілейміз!