19 мамырда Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің мұғалімдері білім беру саласындағы тәжірибе алмасу мақсатындағы ауқымды шаралардың бір бөлігіне айналған көшпелі семинар өткізді.
Бұл күні қаладағы барлық алты BINOM мектебінің мұғалімдері жиналған Ә.Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL-ге мұғалімдер шақырылды.
Семинарлар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пәндік бағыт бойынша (математика, химия, биология, физика, информатика, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру және өнер) оқытудың белсенді әдістері мен саралау тақырыбы бойынша өткізілді.
Зияткерлік мектептің әр мұғалімі өз жетістіктерін таныстырып, әріптестерімен тәжірибесімен бөлісті, бір-бірімен белсенді түрде талқылап, пікір алысты.
“Мұндай семинарлар әртүрлі мектептердің мұғалімдері арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға көмектеседі. Бұл НЗМ мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге бірлескен оқу және даму алаңы болып табылады”, – дейді НЗМ ФМН әдіскері Сания Бисимова.