ҮМІТКЕРЛЕРГЕ

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2023 жылғы 2-3 наурызда өтеді.

Тестілеу құрылымы

2 наурыз (бейсенбі)3 наурыз (жұма)
Қабілеттіліктібағалау тестіТілдік тест
Математика40 тапсырма60 минут
Қазақ тілі20 тапсырма120 минут
Сандық сипаттамалар60 тапсырма30 минут Орыс тілі20 тапсырма
Жаратылыстану
20 тапсырма30 минут
Ағылшын тілі20 тапсырма
Барлығы120 тапсырма120 минутБарлығы60 тапсырма120 минут

 

Тестілеуді өткізу уақыты

Мероприятие1 ауысым

(қазақ тілінде оқыту)
2 ауысым

(қазақ және орыс тілінде оқыту)
1 Тіркеу 07.00–09.30 (Астана қ. уақытымен)14.00 – 16.00 (Астана қ. уақытымен)
2 Бейненұсқаулық09.40–10.00 (Астана қ. уақытымен)16.10 – 16.30 (Астана қ. уақытымен)
3 Тестілеу10.00–12.00 (Астана қ. уақытымен)16.30 – 18.30 (Астана қ. уақытымен)

 

Тіркеу орталықтандырылған түрде Астана қаласының келесі уақытымен жабылады:

1 ауысым үшін сағат 09:31

2 ауысым үшін сағат 16:01

 

Тіркеуге кешіккен үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге жіберілмейді.

 

Үміткерде өзімен бірге келесі заттар болуы керек:

   1.рұқсат қағазы;

   2.қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);

   3.зат таңбасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.

Тыйым салынған заттар.
Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:
 

- ұялы телефон- кітаптар- сызбалар
- фото/бейне құрылғылар- сөздіктер- циркуль
- қарындаштар мен өшіргіштер

- маркерлер
- сызғыштар

- сөмке
- тамақ және сусындар (судан басқа) - жазу құрылғылары
- калькуляторлар

- құлаққаптар
- блокноттар

- кепка, шапкалар
- басқа электрондық құрылғылар (смарт-сағат)

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША

 МЕКТЕПТЕПТІҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ, МЕКЕНЖАЙЫ

Тіркеуден өту және басқа да техникалық сұрақтар бойынша мектептердің қолдау қызметіне көрсетілген телефон нөмірлері арқылы  хабарласуыңызға болады.

Байқау тестілеуі өткізілетін мектеп Мектептің мекенжайыМектептің байланыс телефоны
Астана қ. ФМБ НЗМ ул. Хусейн бен Талал, 218 (7172) 575789

Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!

Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.


Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!

Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін сайтта онлайн-брондау сервисі арқылы талон алу мүмкіндігі болмаған жағдайда Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссияларына келіп, кезек тәртібімен хабарласуыңызды сұраймыз.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.
Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізіледі. Кешенді тестілеу 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді.
Зияткерлік мектептерге оқушыларды қабылдау үшін халықаралық стандарттарға сай және барлық үміткерлер үшін объективтілікті, әділеттілік пен теңдік қағидасын қамтитын конкурстық іріктеу жүйесі қолданылады.
Зияткерлік мектептерге оқушыларды конкурстық іріктеудің қолданыстағы жүйесінің тиімділігі валидациялық зерттеулермен (2016, 2020 жылдар) және 2022 жылы сараптама және сертификаттау зерттеу орталығының (RCEC, Нидерланд) халықаралық аккредитациясынан табысты өтуімен расталды.
Конкурстың қорытындысы негізінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия нақты мектептерге бөлінген гранттарға сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау және тілдік тестілеуден неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге 7-сыныптарда оқуға грант тағайындайды.
Гранттарды тағайындау кезінде Комиссия келесі көрсеткіштерді басшылыққа алады:

  • оқыту тілдеріне сәйкес кешенді тестілеу нәтижесінде неғұрлым жоғары жалпы балл жинағандар саны;
  • мектептердің жобалық сыйымдылығы.

 Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қабылдауға үміткерлерді дайындау мақсатында ДББҰ келесі жобаларды жүзеге асырады:·       5, 6-сынып оқушылары үшін Виртуалдық мектеп (онлайн, ақысыз);·       Виртуалдық мектептің қорытынды тестілеуінен өткен оқушылар үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында өтетін Каникулярлық мектеп (ақысыз);·       www.academia.kz сайтындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге қалай дайындалуға және өз мүмкіндіктерін бағалауға болады» онлайн оқыту курсы (ақылы);·       Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында оқушыларды конкурстық іріктеуге байқау тестілеуі (ақылы). Жобалар туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтында «Үміткерлер» бөлімінен алуға болады. Бұл курстардан өту Зияткерлік мектептерге түсуге кепілдік бермейді.            

Ескерту! 

Бүгінде елімізде 1900-ден астам дайындық орталықтары бар. Соңғы кезде оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарына дайындауға қатысты кейбір білім беру қызметтерін ұсынып жүрген ұйымдар мен жеке тұлғалардың өз сайттарында және жарнамалық материалдарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми логотипін заңсыз қолдану мен дайындық тесттік тапсырмалар жинағын шығару оқиғалары жиі кездесуде, сондай-ақ конкурстық іріктеу шарттары мен Зияткерлік мектептерде білім алуға бөлінген гранттар саны туралы жалған ақпарат беруде.
Осыған орай, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсуге дайындық қызметтерін ұсынып жүрген ұйымдармен, жеке тұлғалармен бірлесе жұмыс жүргізбейтінін ресми хабарлайды.

Конкурстық іріктеудің шарттары және тапсырмалар үлгілері туралы толық мәліметті сіздер тек «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ www.nis.edu.kz ресми сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен ала аласыздар.

 

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін
Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Түскі үзіліс уақыты: 12.00 -13.00-ге дейін
Мереке күндері: 2022 жылғы 16, 31 желтоқсан, 2023 жылғы 1, 2, 7 қаңтар
Демалыс күні: 2022 жылғы 17 желтоқсан

Кешенді тесттер 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді

Өту мерзіміТестілеуТесттің нәтежесі«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі
2 наурыз
2023 жыл
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау тесті:
- Математика
- Сандық сипаттамалар
- Жаратылыстану
Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады Конкурстың нәтижесі бойынша соңғы шешім «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссиямен қабылданады.
3 наурыз
2023 жыл

Тілдік тест:
- Қазақ тілі
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі

Зияткерлік мектепке келу күні мен уақытын брондау
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен санитарлық-эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды сақтау мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.
Үміткер мен заңды өкіл (1 адам) Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) кіргізіледі. Мектеп территориясына үміткер және заңды өкілмен ілесіп келген басқа тұлғалар жіберілмейді.

 

Онлайн брондау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Зияткерлік мектептің веб-сайтын ашу (веб-сайттардың тізімі төменде көрсетілген);
2. «Үміткерлерге» / «Конкурстық іріктеу» бөліміне кіру;
3. «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;
4. Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау;

5. Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;
6. Брондауды растау;

7. Барлық бөлімдер толтырылып, бронь жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді.

 

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

Назарбаев Зияткерлік мектебіМекен-жайыТелефонВеб-сайт
1Астана ФМБХусейн бен Талал көшесі, 21 ғимарат8 (7172) 57-57-89ast.nis.edu.kz

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;

2) Сауалнама толтыру;

3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші жартыжылдық табелі қабылданады).
Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа орта білім беру ұйымдарының 7 сыныбында білім алатын үміткерлердің келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің осы сыныбында қайта білім алуға құқықтары жоқ;
Оқу бағдарламасы мен бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттары оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.

5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.
Фотосурет ақшыл түсті фонда қатаң анфаста орындалады, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, бет пішіні фотосуреттің жалпы көлемінің 75% алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмелеу әдісімен жасалынған суреттер қабылданбайды. Суретке түсіру кезінде бас киім және көзілдірік рұқсат етілмейді. Көздері ашық, анық көрінетін және шашымен жабылмаған. Фотосуреттің көлемі 450х600 пиксельден кем емес рұқсат ету шамасымен 600 пиксель/дюйм (dpi) төмен емес болуы тиіс.
Көрсетілген барлық құжаттар мұқабасы түссіз 10 файлдық пластикалық папкаға салынады.

Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:
1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;
2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.

Қабылдау комиссиясына басқа тұлғаның сенімхатсыз әкелген құжаттары қабылданбайды.

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ 7-СЫНЫПТАРЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тестілеуін (бұдан әрі – байқау тестілеуі) өткізетінін хабарлайды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Астана қ. Халықаралық мектепте өткізілетін байқау тестілеуі компьютерлік форматта жүргізіледі. Әр мектеп бойынша шектеулі орын саны бөлінеді. Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.

Бір байқау тестілеуіне қатысу бағасы 12 000 теңгені құрайды.

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тест бөлімі Тапсырма саныБерілетін уақытМаксималды балл
1 Математика40 тапсырма60 минут400
2
Сандық сипаттамалар
10 тапсырма*5 минут50
3 Жаратылыстану20 тапсырма30 минут200
ҮЗІЛІС 10 минут
4 Қазақ тілі (бірінші тіл)20 тапсырма120 минут200
5Орыс тілі (екінші тіл)20 тапсырма200
6 Ағылшын тілі20 тапсырма200
Барлығы130 тапсырма 3 сағат 45 минут

(үзіліс уақытын қоса алғанда)
1250

* Шынайы конкурстық іріктеуде «Сандық сипаттамалар» бөлімі 60 тапсырмадан тұрады. Аталған тест бөлімінің форматымен танысу мақсатында байқау тестілеуі аясында 10 тапсырма беріледі.

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

2022-2023 оқу жылында барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Астана қ. Халықаралық мектепте 1-ауысымда (таңертең) бес байқау тестілеуін өткізу жоспарланған.

Бұл ретте Астана (ФМБ, ХБ), Алматы (ФМБ, ХББ) және Ақтөбе (ФМБ) қалаларындағы 5 Зияткерлік мектептің 1-ауысымына бөлінген орын саны 100% толған жағдайда, байқау тестілеуі 2-ауысымда да (түстен кейін) өткізілетін болады.

Даты пробных тестов Даты получения пропуска на пробный тестДаты получения результатов Байқау тестілеуінің басталу және аяқталу уақыты

(тестілеу Астана қ. уақыты бойынша өткізіледі)
110 желтоқсан 2022 г.
9 желтоқсанға дейін

15 желтоқсан
1-ауысым* 2-ауысым*
2
24 желтоқсан 2022 г.

23 желтоқсанға дейін

30 желтоқсан
09:00 – 12:4515:00 – 18:45
314 қаңтар 2023 г.
13 қаңтарға дейін

20 қаңтар
4
28 қаңтар 2023 г.

27 қаңтарға дейін

03 ақпан
511 ақпан 2023 г.
10 ақпанға дейін
17 ақпан

*Мектепке келу уақыты байқау тестілеуінің рұқсат қағазында көрсетіледі.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ

 Байқау тестілеуіне қатысуға тіркелу және орын брондау үшін trialtest.nis.edu.kz сілтемесі арқылы онлайн тіркелу порталына өтіңіз. Әрбір байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондау қажет:

1-қадам. Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілі (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші, т.б.) онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеледі.

2-қадам. Заңды өкіл өзінің жеке кабинетінде оқушының жеке мәліметтерін енгізеді.

3-қадам. Орын брондайды:

·         байқау тестілеуі өтетін күнді және орынды (мектепті) таңдайды;

·         байқау тестілеуіне қатысу шарттарымен (оферта) танысып, келіседі.

4-қадам. Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысын төлейді (онлайн/Қазақстан Республикасының банк бөлімшелері арқылы).

5-қадам. Заңды өкіл өзінің жеке кабинетінен байқау тестілеуіне қатысу рұқсат қағазын жүктеп алады.

  

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ОРЫН БРОНДАУ МЕРЗІМІ

Байқау тестілеуін тапсыру үшін онлайн тіркелу порталында орын брондау төменде көрсетілген мерзімдерге сәйкес Астана қ. уақытымен сағат 10:00-де басталады. Желіге түсетін жүктемені азайту мақсатында орын брондау мерзімдері өңірлер бойынша кезең-кезеңмен ашылады: 

10 желтоқсан 24 желтоқсан 14 қаңтар 28 қаңтар 11 ақпан
1 01 - 07.12.2022

12 - 21.12.202226.12.2022 - 11.01.202316 - 25.01.202330.01 - 08.02.2023

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША

 МЕКТЕПТЕПТІҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ, МЕКЕНЖАЙЫ

 Онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеуден өту және басқа да техникалық сұрақтар бойынша мектептердің қолдау қызметіне көрсетілген телефон нөмірлері арқылы  хабарласуыңызға болады.

Байқау тестілеуі өткізілетін мектеп Мектептің мекенжайы1 тестілеуге бөлінген орын саныМектептің байланыс телефоны

Астана қ. ФМБ НЗМ

ул. Хусейн бен Талал, 21
2008 (7172) 575789

Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысы және тест мазмұнына байланысты сұрақтар бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының байланыс телефондарына хабарласыңыз: 8 (7172) 23 52 78,  23 57 63, iшкі нөмірлер – 1313, 1319, 1315.

 

 

Байқау тестілеуінің шарттары, өткізілу тәртібі, тіркелу, төлем жасау және қатысушылардың байқау тестілеуі кезіндегі тәртіп ережесіне қатысты толық ақпарат

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін байқау тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы ережеде көрсетілген.