«Литерде» қонақта

2019 жыл 17 сәуірде  IX Наурыз кездесулерінің жеңімпаздары –  8-сынып оқушылары Ерасыл Тауекел мен Рахат Жакиенов, 11-сынып оқушысы Альнур Акчурин мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Рамазан Жаншәріпұлы  Оспан, кеңейтілген физика зертханасының меңгерушісі Оралбек Назарханұлы Бидайбеков  «Литер»  республикалық қоғамдық-саяси газеті редакциясында қонақта болды.

«Литердің» қонақ бөлмесінде оқушылар мен ұстаздарды  «Айқын-Литер» ЖСС  директоры, «Литер» газетінің  бас редакторы Нұрай Нұргожаевич Уразов, бас редактордың орынбасары Жанна Ойшыбаева, «Литер» газетінің  шығарушы редакторы, тілшілер желісінің Конысбаева Лариса қарсы алды. Редакция қызметкерлері мен тілшілер Зияткерлік мектеп өкілдерін ыстық ықыласпен жылы қабылдады. Редакцияның «қонақ бөлмесіндегі» әңгімені «Литер» тілшісі Канат Шаймерденов жүргізді.

Астаналық физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Рамазан Жаншәріпұлы Оспан Зияткерлік мектептің жұмыс жүйесімен, оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру  жолдарымен  таныстырып өтті.

Жүргізуші қойған сұрақтарға жауап берген оқушылар өздері туралы, ғылыми жобалары, ізденістері  мен жетістіктері жайлы әңгімеледі. 11- сынып оқушысы Альнур Акчурин өз жобасының қыр-сыры туралы баяндап, құрғақ және шөлейт аймақтарда өсімдіктер өсіру мәселесін шешуге бағытталған жұмысы жайлы айтып берді.

Сегізінші сыныпта оқитын Ерасыл Тәуекел мен Рахат Жакиенов  газет қызметкерлеріне ғарыш кемесін ұшыруға арналған «Импульс» кешенінің макетін көрсетіп, оның жұмыс істеу принциптарын түсіндірді.  Тілшілер оқушыларды қызыға тыңдады, олардың талпынысына қолдау білдіріп, жобалардың  еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.

Газеттің «қонақ бөлмесіндегі» кездесу бойынша мақала «Литер» газетінің 19 сәуірде шығатын санында жарияланатын болады.