Зияткерлік мектеп түлектеріне 12-сыныпты бітіргені туралы берілетін Сертификатты Ұлыбританияда ең үздік университеттердің ондығына енетін – Лафборо университеті (Loughborough University) мойындап, қазақстандық түлектерді Foundation курсынсыз, бірден 1 курсқа қабылдауға дайын екенін хабарлады.
ttps://issuu.com/marketing-web/docs/at_a_glance/24
2019 жылы «Жыл Университеті» танылған Лафборо университеті Зияткерлік мектеп түлектерін қабылдау ережесін өз сайтында жариялады. Мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://www.lboro.ac.uk/international/country/kazakhstan/.
Университет әлемдегі жетекші ғалым-оқытушыларды, кәсіби өсуге жан-жақты жағдай жасайтын қызмет пакетін, жайлы оқу ортасын ұсынады.
Университетке түсу үшін ағылшын тілі бойынша IELTS 6,5 балл, әр жеке элемент (оқу, жазу, тыңдалым және сөйлеу) 6 балдан кем емес болуы керек.
Сондай-ақ Сертификатта көрсетілген таңдау пәндері таңдаған мамандықтарға сәйкес келуі тиіс. Мамандыққа қарай сертификаттағы бағаға қойылатын талаптар ААА ВВВ дейін өзгеруі мүмкін.
Назарбаев Университеті Британ Кеңесінің бастамасымен «Creative Spark» бойынша Лафборо Университетінің серіктесі болып табылады.
«Ұшам» деп ұмтылғандарға әрқашан қанат бітеді. «Үздік университетте оқимын» деген түлектерге тек қайтпас қайрат пен табандылық тілейміз!