МҰҒАЛІМДЕРДІ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ӨТЕДІ

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос лауазымдарына конкурс жариялайды:

  1. География пәнінің мұғалімі
  2. Информатика пәнінің мұғалімі
  3. Өнер пәнінің мұғалімі
  4. Математика пәнінің мұғалімі
  5. Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі
  6. Химия пәні мұғалімі
  7. Жатақхана тәрбиешісі (психология тесті)
  8. Тәрбиеші көмекшісі (психология тесті)
  9. Педагог-ұйымдастырушы-куратор (психология немесе диплом бойынша тест)

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер 15 тамыз  сағат 15:00-ге дейін “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДБҰ-ның ресми сайтында www.nis.edu.kz тіркелуі тиіс:

1) www.nis.edu.kz сайтына өту

2) сайттың басты бетіндегі “Бос орындар”бөліміне өту

3) “Зияткерлік мектептер” пунктін таңдау

4) “педагог қызметкерлер”тармағын таңдау

5) “тіркеуге” басу және байқауды өткізу орнын/мектебін таңдау

6) “конкурсқа қатысу” түймесін басып, барлық сұралған деректерді толтырыңыз

7) Электрондық түйіндемені “+файл”арқылы тіркеңіз

8)”Түйіндемені жіберу” батырмасын басу

Сұратылған деректерді толтыру міндетті болып табылады

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі (тестілеу және эссе) 2021 жылдың 16 тамызында өтеді

Тіркеу: 9:00 – 9:50

Тестілеудің басталуы: сағат 10:00

Ұзақтығы: 2 сағат 10 минут

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21 (бұрынғы 37-көше)

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз, шарикті қаламсап, қорғайтын медициналық маскаңыз болуы керек.