Мәскеуде өткен ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары В.И. Вернадский атындағы XXVI жалпы ресейлік зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары атанды.  Байқау 8-13 сәуір аралығында Мәскеу қаласы Ресей Ғылым академиясында өтті. Зияткерлік мектептің оқушылары ұсынған ғылыми жобалар байқауда қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олар:

Даурбаев Алиас –1-дәрежелі диплом, жоба тақырыбы: «Тиляпий балықтарымен бірге құлпынай өсірудің кіріктірілген тәсілі». “Инженерлік экология” секциясы. Жетекшісі биология пәнінің мүғалімі А.К.Нұрышева.

Бектурсын Хазретали –1-дәрежелі диплом, жоба тақырыбы: «Жасанды ортада австралиялық қышбақа  «Cherax guadricarinatus» өсіру». Секция -“Омыртқасыздар зоологиясы”. Жетекшісі биология пәнінің мүғалімі К.А.Абилова.

Рамазан Азимжан –1-дәрежелі диплом, жоба тақырыбы: «Тұзды су көмегімен жұмыс істейтін қайық». “Инженерлік зерттеулер” секциясы.  Жетекшісі биология пәнінің мүғалімі  А.С. Бейсенбаева.

Алишева Салтанат –1-дәрежелі диплом, жоба тақырыбы: «Қымыздан құрт жасау». Жаратылыстану секциясы. Жетекшісі биология пәнінің мүғалімі А.С. Бейсенбаева.

Жолдасбеков Амир – химия, 1-дәрежелі диплом, мақтау қағазы.

Сабыров Аслан, Мустафин Батырхан – Физика және Астрономия, 1-дәрежелі диплом, мақтау қағазы.

«Мен үшін бүкілресейлік байқауға қатысу аса маңызды болды. Өйткені, В.И. Вернадский атындағы зерттеу жұмыстарының байқауын үлкен ғылыми конференция десе болады. Конференция барысында мен өз жобама Ресей Ғылым Академиясының беделді ғалымдарынан рецензия алдым. Сол ұсыныс-тілектерді ескере отырып, енді өз жобамды жетілдіре аламын. Сондай-ақ  Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Чехия, Польша және басқа да елдерден келген оқушылардың ғылыми жобаларымен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Олар қолданған зерттеу жұмысының кейбір әдістері мені қатты қызықтырды. Келешекте Мәскеуде көрген-білгенімді өз жұмысымда пайдаланамын деп ойлаймын», – дейді  байқауға қатысқан 10G сыныбының оқушысы Алиас Даурбаев.