МАЛИКА МЕН РАМАДАН ЗЫМЫРАНДАР ӘЛЕМІНДЕ

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 11А сынып оқушылары Малика Хасен мен Рамадан Манабаев зымыранның ғарышқа ұшырылуын бақылады.

Бұл ерекше сәт халықаралық зымыран жасау бойынша өткен байқау кезінде болды.

Шілде айында Малика, Рамадан және Аңсар Досқалиев зымыран жасау бойынша Kaz Rockets ұйымдастырған конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан еді.

Бұл байқауда олар командалық есепте үшінші орынға ие болды, ал Рамадан Манабаев жеке есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Жүлдегерлер ретінде оларға Байқоңырда өтетін байқаудың халықаралық кезеңіне қатысуға және Союз МС 24 зымыранының ұшырылуын бақылау мүмкіндігі берілді.

Халықаралық байқауға Беларусия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген өте мықты командалар қатысты.

Өкінішке орай, шешуші кезеңде Рамазан мен Малика жүлделі орынға ие бола алмады, алайда олар баға жетпес тәжірибе мен құнды білім алғанын айтады.

Көп ұзамай ғарышқа аттанатын зымыраннан 15-20 метр қашықтықта тұрған оқушылар оны егжей-тегжейлі қарастыра алды. Жеткіншектердің айтуынша, бұл ұытылмас, ерекше әсер болды.