МАРАПАТ ҮШІН МӘСКЕУГЕ
8G сынып оқушысы Танат Мерей “БИЛИНГВА” Халықаралық екі тілді эссе байқауының жеңімпазы атанды.
Байқау шарттарына сәйкес Мерей “Отбасылық мұра тарихы” тақырыбында жазған эссесін ана тілінде және орыс тілінде ұсынды. Шығармашылық жұмысында зияткер үлкен әжесінің алқаларына қатысты отбасылық әңгімелер туралы баяндады.
Марапаттау рәсімі Мәскеудің орталығында өтті, онда Мерей дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау мен фотосессиядан кейін ол байқаудың басқа да финалистерімен бірге Мәскеуге экскурсия жасады.
Сондай-ақ байқауға қатысқаны үшін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарымсақпаева Самал Нығметқызы мәртебелі байқаудың жеңімпазы ретінде марапат алды.