
Аян Аят
Аян Аят – Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі (2016).
2020 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану факультетін бітірген. «Биотехнология және микробиология» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі бар.
2020 жылы Аян «қолданбалы биотехнология» мамандығы бойынша University of Rome Tor Vergata университетінің магистратурасына түсті.
2022 жылдың қазан айынан бастап Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру бойынша кеңесші болып жұмыс істейді.
Өмірлік ұстанымы: Уақыт босқа кеткенді ұнатпайды.