2016 жылдың 27 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер кеңесінің (CIS) мүшелігіне өтіп, аккредитациядан өткендігі туралы куәлік алған болатын. Мектептің халықаралық аккредитациядан өтуі жұмыс сапасының көрсеткіші болып табылады. Өз мәртебесін сақтау үшін мектеп әр бес жыл сайын қайта аккредитация рәсімінен өтуі керек.
2021 жылғы 20 қыркүйекте Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) өкілдері екінші бесжылдыққа аяқ басқан Зияткерлік мектептің қызметін кешенді бағалау бойынша өз жұмысын бастады. Құрамында Крис Дурбин (Chris Durbin), Хэзер Белл (Heather Bell) және Даниэль Василь (Daniele Vasile) бар аккредитациялау тобы 20-24 қыркүйек аралығында өтетін виртуалды сапар барысында мектептің өзгеру қабілетін, өзін-өзі оқытуға және жұмысын үнемі жетілдіруге дайындығын анықтайды.
Виртуалды сапар аясында Microsoft Teams платформасында сабақтарға қатысу және мұғалімдермен кездесулер ұйымдастырылады, оқу аймақтары бойынша экскурсиялар және өзін-өзі бағалау бойынша семинарлар өтеді. Осындай жұмыстың қорытындысы бойынша CIS командасы аккредитациялау агенттігіне ұсыныс береді.
“Біз Зияткерлік мектептегі виртуалды сапарымызды асыға күттік. Бұл CIS және НЗМ арасындағы ынтымақтастық үшін аса маңызды. Өйткені сіздер қайта аккредитациялау үдерісінің бірінші кезеңінде тұрсыздар және Зияткерлік мектептер желісіндегі жетекші мектептердің бірі болып табыласыздар. Сапарымыздың қашықтан ұйымдастырылып, виртуалды болуына қарамастан, біз заманауи технологиялардың көмегімен оқушылар мен қызметкерлердің Зияткерлік мектепке әкелетін энергиясын сезіне аламыз. Біз осы күндері сіздермен бірге виртуалды шаңырақтың бір бөлігіне айналамыз деген үміттеміз. Дайындық кезеңіндегі бағалау мақсаты – Сіздермен бірге және сіздердің пайдаларыңыз үшін талдау жасау. Сондықтан біз таңдаған әдіснама – бұл жан-жақты бақылау және түпкілікті дәлелдер базасын зерттеу. Біз үшін жұмыстарыңыздың күшті жақтарын анықтау өте маңызды, өйткені олардың неліктен мықты екенін түсіну НЗМ – нің халықаралық білім беру әлеміне қандай үлес қоса алатынын көрсетеді”, – дейді CIS мектептерін қолдау және бағалау жөніндегі директордың орынбасары Крис Дурбин (Крис Дурбин).