МЕКТЕПТІҢ ШАХМАТ ҚҰРАМАСЫ – ЖЕЛІЛІК СПАРТАКИАДА ЧЕМПИОНЫ

Жақында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы шахматтан  өткен желілік спартакиадаға қатысты. Спартакиада 15-17 қарашада Lichess платформасында өтті.
Екі күнге белгіленіп, қашықтан ұйымдастырылған жарысқа: 9D сынып оқушысы Әмірқұл Әлімжан, Жақан Ерасыл (9А сыныбы), Қайырбек Диана (9А сыныбы), Нурманова Наргиз (9С сыныбы), Муратов Батырхан (10Есыныбы), Құдайберген Нұрлыхан (10G сыныбы),Туркпенова Анель (12C сыныбы), Цой Вероника (10H сыныбы) мектеп командасының құрамында бәсекеге түсті.
Оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, шахматты насихаттауға, дарынды спортшыны анықтауға бағытталған спартакиада қорытындысы 18 қарашада жарияланды. Командалық есепте елордадағы физика-математика бағытындағы NIS құрамасы чемпиондық атаққа ие болды.
Жеке есепте:
2 орын – Нурманова Наргиз 
2 орын Муратов Батырхан 
3 орын –  Әмірқұл Әлімжан  ерекшеленді.
Алматы қаласындағы шахмат федерациясының өкілі Әділ Тоқтамысов басқарған төрешілер алқасы қатысушылардың логикалық және креативті ойлауын, талдамалық қабілеттерін және сәйкесінше спартакиаданың жоғары деңгейін атап өтті.