Мектептің спорттық өмірі

Тән саулығы – табысты  оқу кепілі

 

Мектептің спорттық өмірі,

спорттық іс-шаралар,

спорттық жетістіктеріміз жайлы

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың тән саулығына,  өмір қауіпсіздігіне, денсаулығына, физикалық белсенділігіне ерекше көңіл бөлінеді. Оқушы ағзасының мүмкіндіктерін ашып, денсаулығын нығайтуға жағдай жасайтын спорттық-сауықтыру шаралары Зияткерлік мектептің оқу және тәрбие бағдарламаларының негізгі бөлімі болып табылады.

Зияткерлік мектептердің білім беру үдерісінде оқушыларға физикалық белсенділіктің жетіспеу проблемасы:

  1. сабақта оқушылардың физикалық белсенділігін барынша қамтамасыз етуге бағытталған «Дене шынықтыру» пәні арқылы;
  2. Зияткерлік мектептерде Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тән саулығына қатысты тақырыптар көптеген пәндерде беріледі. Дене тәрбиесі пәнін адамның денсаулығы, дұрыс тамақтану, тазалық, өмір салты және т. б. байланысты тақырыптарды өтуді көздейтін басқа пәндерге кіріктіру арқылы;
  3. сабақ үстінде, сабақтар арасындағы үзілістерде оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, сабақтар арасында серпінді музыкалық үзілістер немесе би флэш-мобтарын өткізу арқылы;
  4. Оқушылардың академиялық үлгерімін арттыру және оқу күйзелісін төмендету үшін әрбір оқушының міндетті түрде спорт секциясына қатысуы арқылы шешілген.

Мектепте оқушылардың спортпен айналасуы үшін үлкен және кіші спорт залдары, жаттығу залы, мектеп ауласында  жасанды жабынмен көмкерілген баскетбол, волейбол, футбол алаңдары, жүгіру жолы, қашықтыққа секіруге арналған орын, гимнастикалық алаң жабдықталған.

Зияткерлік мектепте салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық іс-шараларға, мерекелер мен спорттық жарыстарға мектептің оқушылары мен олардың ата-аналары, мұғалімдер белсене қатысады. Спорт түрлерінен: баскетболдан, волейболдан, мини-футболдан, үстел теннисінен, жеңіл атлетикадан мектепішілік жарыстар оқу жылы барысында жүйелі өткізіледі. Жарыстардан басқа елеулі даталар мен оқиғаларға орай түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, атақты спортшылармен кездесулер, басқа мектептің командаларымен достық кездесулер өткізу дәстүрге айналған.

«Дене шынықтыру» пәні мұғалімдері оқушылардың физикалық іс-әрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін және дағдыларын дамытуға ықпал етіп, олардың жеке гигиена, психикалық денсаулық және салауатты өмір салты қағидалары тұрғысында жалпы дамуына жағдай жасайды.

Мамиева Назым Кабдулдиновна
Мамиева Назым Кабдулдиновна
Гаар Владимир Валентинович
Гаар Владимир Валентинович
Бектемиров Манарбек Аубакирович
Бектемиров Манарбек Аубакирович
Жанибеков Еркин Абдсаттарович
Жанибеков Еркин Абдсаттарович
Шакенова Меруерт
Шакенова Меруерт

Оқушылардың академиялық үлгерін қамтамасыз етумен қатар дене тәрбиесіне мән беру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа дағдыландыру үшін Зияткерлік мектепте спорт секциялары жұмыс істейді.

№п/пСпорт секциясыӨткізілу уақытыСыныптарӨткізілу орныЖаттықтырушы
1.БаскетболДүйсенбі
16:00-17:00
17:00-18:00
7-8 сынып (ұлдар)
9-12 сынып
Үлкен спорт залБектемиров М.А.
Сәрсенбі 17:00-18:007-12 сынып (қыздар)Үлкен спорт залШакенова М.С.
2.ФутболСейсенбі 16:00-18:009-12 сынып (ұ., қ.)Үлкен спорт залГаар В.В.
Жанибеков Е.А.
Бейсенбі 16:00-18:009-12 сынып (ұлдар)Үлкен спорт залЖанибеков Е.А.
3.ВолейболСейсенбі 16:00-18:009-10 сынып (қыздар)Кіші спорт залМамиева Н.К.
Сәрсенбі 16:00-18:009-10 сынып (қыздар)Кіші спорт зал
Жұма 16:00-18:009-12 сынып (қыздар)Үлкен спорт зал
Дүйсенбі 16:30-18:307-10 сынып (ұлдар)Үлкен спорт залСантаев С.Ж.
Бейсенбі 16:30-18:30
Сенбі 14:00-16:00
4.Атлетикалық гимнастика Дүйсенбі 16:00-18:009-12 сынып (ұ., қ.)Жаттығу залыГаар В.В.
Сәрсенбі 16:00-18:00Жанибеков Е.А.
Жұма 16:00-18:00Бектемиров М.А
5.Жеңіл атлетика Сейсенбі 16:00-18:007-9 сынып (ұ., қ.)Үлкен спорт залГаар В.В.
6.Тоғыз құмалақДүйсенбі 16:00-17:307-10 сынып (ұ., қ.)Кабинет
Тоғызқүмалақ
Зкрияев Бегали
Сәрсенбі 16:00-17:30Кабинет
Тоғызқүмалақ
Жұма 16:00-17:30Кабинет
Тоғызқүмалақ и шахмат (Цокольный этаж 4 блок. HAB)