ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ БОЛАШАҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ

Күзгі демалыс кезінде  Астана қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің бір топ оқушысы Павлодар қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына жол тартты. Дарынды оқушылар: Азат Сыздыков, Амир Томашбаев, Ернұр Кайруллаев, Ақай Қайназар, Айгерим Абуова, Тамила Тұрғанбаева, Бекнұр Болатбек, Алия Досылаева, Айғаным Балташева, Қайрат Мұратбек, Кирилл Ким, Абылай Кабдулхайыр, Санжар Бисенали олимпиадалық резерв мүшелері болып табылады. Оқу-жаттығу жиындары химия, биология, физика және математика бойынша республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалардың дайындық жұмыстарына арналған. Тәжірибелі жаттықтырушылар жетекшілігімен өткізілетін сабақтарда оқушылар тапсырмалардың типологиясын және олимпиада тапсырмаларының ерекшелігін саралайды, өткен жылдардағы күрделілігі әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды талдайды және орындайды, әр түрлі дереккөздермен жұмыс жасайды. Ашылу салтанатында Павлодардағы Зияткерлік мектеп директоры Думан Сапақов оқу-жаттығу жиыны қатысушыларына сәттілік тіледі.
– Қазір барлық NIS жүйесінде бастау алған желілік шара тек біліміңізді шыңдап қана қоймай, жақсы достар мен мүдделес жандарды табуға тамаша мүмкіндік. Айта кету керек, оқу-жаттығу жиындарының қатысушылары үшін Павлодардағы NIS-те ауқымды мәдени бағдарлама, спорттық жарыстар, шеберлік сағаттар және зияткерлік ойындар ұйымдастырылды.