Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Наргиз Ахметова Канаданың Simon Fraser университетінен оқуға шақырту алды.
Өз білімін жетілдірудегі тынымсыз еңбегі мен оқудағы жетістіктері Наргизге университеттің ең жоғары стипендиясын жеңіп алуға мүмкіндік берді. Ғылыми зерттеулер мен тұрақты дамуға маманданған Simon Fraser University Канададағы ең үздік 10 университеттің қатарында.
Талапты жас Leadership Fellow бағдарламасы бойынша (Сан-Франциско, АҚШ) жоғары сынып оқушыларына жасанды интеллект ұғымдарын үйрету үшін құрылған «Inspirit AI» Inc компаниясында тағылымдамадан өткен.
Ол Microsoft – Imagine Cup Junior турнирінің финалисті, информатикадан өткен көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы.
2022 жылдың қазан айында әртүрлі елдердің студенттері мен жоғары сынып оқушыларының STEM саласындағы қызықты зерттеулеріне арналған белгілі академиялық SFJ Fellowship Journal журналында Наргиздің «Қаржыдағы жасанды интеллект: ИИ-трейдингтің артықшылықтары мен кемшіліктері» (Artificial Intelligence in Finance: Benefits and pitfalls of AI-trading) атты мақаласы жарияланды.
«Менің негізгі мансаптық мақсатым – жасанды интеллект саласында инновация жасау, сондықтан осы саласындағы зерттеулер бойынша Канададағы ең үздік деп танылатын Simon Fraser университеті мен үшін ең оңтайлы орта болады деп санаймын. Жобалық және зерттеу жұмыстары арқылы мазмұнды білім мен дағдыларды алуға жағдай жасаған мектебіме айтар алғысым шексіз», – дейді Наргиз.