«НЕ? ҚАШАН? ҚАЙДА?» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

25 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрама командасы қалалық «Не? Қашан? Қайда?» зияткерлік ойынында 2 орынға ие болды.

Ойынды «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры мен «QORGAU» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қоры ұйымдастырған болатын.

Елорда мектептерінің арасында қазақ тілінде өткен сайыста жас зияткерлер өздерінің құқық саласындағы білімдерін таразылап, командада жұмыс жасау, бір-бірін тыңдау, дұрыс шешім қабылдау, ойын дәйекті, дәл жеткізу дағдыларын көрсете білді. 11-сынып оқушысы Сарсенбай Мират басқарған команда құрамында:

Шәймерденов Әлібек (8В)

Женисова Айша (8А)

Манабаев Рамадан (8В)

Шыңғыс Мөлдір (8а) ойнады.

Білім көкжиегін кеңейтуге, ойлау дағдысын шыңдауға бағытталған зияткерлік ойын тартысты өтіп, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Орыс тілінде өткен турнирге қатысқан команда:  Рахимбергенова Арна (команда капитаны), Байшолан Ермухаммет, Ертаева Аянат, Дюсенова Биназир, Даулетбек Әлім турнирдің арнайы сыйлығына ие болды.

Көп оқып, үздіксіз ізденуге бел буған зияткерлер келесі ойындарда бірінші жүлделі орынды жеңіп алатындарына сенімді.