14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің ауласында үйірмелер мен клубтар, секциялар мен студиялардың таныстырылым-жәрмеңкесі өтті. Жарнама – жәрмеңке қосымша білім беру бағдарламаларының аясында ұйымдастырылатын үйірмелер мен клубтар жұмысымен таныстырып, оқушылардың өз таңдауын жасауына мүмкіндік берді.
Жаңа оқу жылында Зияткерлік мектепте 30-дан аса үйірме, секциялар мен клубтар жұмыс істейді. Пән мұғалімдері, қосымша білім беру саласының білікті мамандары мен жоғары сынып оқушылары сабақтан тыс уақытта таным көкжиегін кеңейтуге, талантты тануға көмектесетін болады. Балаларды сурет салуға, билеуге, ән салуға, музыкалық аспаптарда ойнауға, киім тігуге, саз балшықтан мүсін жасауға, актерлік шеберлігін шыңдауға, шешен сөйлеуге үйретеді.
Спортпен әуестенетін оқушыларды мектеп спорт залдары шақырады. Жас спортшылардың волейбол, баскетбол, теннис, гимнастика, футбол секцияларында шынығуына мүмкіндік бар.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |