IELTS. ТАБЫС ТОЛҚЫНЫНДА

Физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушылары IELTS емтиханында тамаша нәтижелер көрсетті. Ағылшын тілі бойынша осы халықаралық тестілеу жүйесіндегі ең жоғары балл – 9 болса, мектебіміздің жоғары сынып оқушыларының жалпы баллы-7.42 құрады. Руслан Терещеня мен Самира Бекаманова ерекше көзге түсіп, 9-дан 8.5 балл алды. Сонымен қатар, мектептің 34 оқушысы тестілеу кезінде 8 балл жинап, тілді жақсы […]


ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖАРЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінің бірінші турынан іріктеуден өткен жас зерттеушілердің есімдері белгілі болды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары ұсынған 23 жоба желілік кезеңнің келесі турына жолдама алды. Олар 2023 жылдың 30 қазаны мен 3 қарашасы аралығында қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғайтын болады.  


NIS ОҚУШЫСЫ ЕЛНАР САЛПЕКОВ RISE GLOBAL ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Елнар Салпеков беделді Rise Global бағдарламасының 2023 жылғы жеңімпазы атанды. Rise – дарынды жастарды қолдау мен дамытуға арналған жаһандық бастама. Бағдарлама түрлі жобаларды қаржыландырады, жастарға тәлімгерлік қолдау көрсетеді, жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлейді және мансапты қалыптастыруға көмектеседі. 2022 жылы Нью-Йоркте өткен «International History Olympiad» байқауында жеңімпаз танылған […]


ИДЕЯЛАР, ЖАҢАЛЫҚТАР, ЖЕҢІСТЕР: ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

2023 жылдың 2 қазанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі басталды. Биылғы жылы мектепішілік кезеңге жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша 80-тан аса  және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 40-қа жуық жоба ұсынылды.  Байқау 2-3 қазан аралығында өтеді. Бұл күндері құрамында пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің өкілдері, үйлестірушілер кіретін қазылар алқасының назарына мектеп оқушылары өз идеялары […]


ОТБАСЫЛЫҚ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Қыркүйектің соңғы сенбісіндегі бұлтты ауа-райы велосипед шеруіне қатысушыларға кедергі болмады. Көтеріңкі көңіл-күйдегі оқушылар мен олардың ата-аналары “Отбасылық велошеруге” шықты. Жоспарланғандай, веложарысқа қатысушылар мектеп алаңынан таңғы 10-да старт алды. Олар ұзындығы 2 шақырым болатын мектептің айналасындағы айналма жол арқылы жоғары жылдамдықпен жүріп өтті. Трассадан кейін велосипедшілер мектептің спорт алаңына оралып, «темір тұлпарларымен» спорттық эстафеталарға қатысты. «Шаңырақ» […]


ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ТОК – ШОУДА – МЕКТЕПТІҢ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАРЫ

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары Камалжан Кәрім, Негманов Алан, Қадір Сабыржан және Өзбехан Жалғас – Samsung  Electronics ұйымдастырған “SOLVE FOR TOMORROW” стартаперлер байқауының жеңімпаздары. Жақында олар “Ел арна” республикалық телеарнасында жастар сөйлейтін, идеясын айтатын “Жаңа қадам”ток-шоуына қатысты. Эфир барысында өнер тауып, өрге шапқан оқушылар өз жобалары туралы ақпаратпен бөлісіп, ең қиын және қол […]


«ӨРКЕН» БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН КОНКУРС

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды. Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі. Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді. Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық […]


ГАННОВЕРДЕН СӘЛЕМ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АПТА ӘСЕРЛЕРІ

Жақында Зияткерлік мектепке Ганновер аймағындағы серіктес мектептен хат келді. Хатта алыстағы достар өткен сапарларынан кейінгі өз әсерлерімен бөлісіп, көрсетілген ыстық ықылас  үшін алғыстарын білдірді. 7-14 қыркүйек аралығында қонақтар елорданың көптеген көрікті жерлерін: Ұлттық мұражайды, Назарбаев Университетін және Орталық Азиядағы ең үлкен мешітті аралаған болатын. Сондай-ақ, неміс оқушылары Мәжіліс жұмысымен танысты, бірлескен және пленарлық мәжіліс залдары […]


МАЛИКА МЕН РАМАДАН ЗЫМЫРАНДАР ӘЛЕМІНДЕ

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 11А сынып оқушылары Малика Хасен мен Рамадан Манабаев зымыранның ғарышқа ұшырылуын бақылады. Бұл ерекше сәт халықаралық зымыран жасау бойынша өткен байқау кезінде болды. Шілде айында Малика, Рамадан және Аңсар Досқалиев зымыран жасау бойынша Kaz Rockets ұйымдастырған конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан еді. Бұл байқауда олар командалық есепте үшінші орынға ие болды, […]


ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНЕ ШАҚЫРҒАН «АҚЫЛДЫ БЕЙСЕНБІ»

14 қыркүйекте өткен “Ақылды бейсенбіде” 8-9 сынып оқушылары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының “Қазақ тілі” және “Қазақ әдебиеті” зертханасының меңгерушісі Айман Ақтановамен бірге екі негізгі сұраққа жауап іздеді: “Қазіргі жасөспірімдерді қандай қазақ жазушылары қызықтырады?” және “Олар қандай заманауи оқырмандар?”. Ғалыммен кездесуде балалар оқу мәдениеті тақырыбына терең үңілді. Олар тек академиялық талқылаулар ғана қатысып қоймай, өздерінде […]