2-3 наурызда еліміздің барлық өңірлерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу үшін «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурстық іріктеу басталды.
2023-2024 оқу жылында елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 7-сыныбында оқығысы келетін 1500-ден аса бала тест тапсырмаларын орындауға қатысты.
Конкурстық іріктеудің бірінші күні балалар қабілеттілікті бағалау тестіне қатысып, математика, сандық сипаттамалар, жаратылыстану бойынша білімдерін сынға салды. Тестілеудің екінші күні Тілдік тестілеу барысында оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен меңгеру деңгейлері анықталды.
Конкурстың нәтижесі бойынша соңғы шешім «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссиямен қабылданады.
Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады