NIS-ТЕ ЖЕЛІЛІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

1-6 қараша аралығында өткен ғылыми жобалар жарысына Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқитын 300-ден астам жас зерттеуші өз ізденіс нәтижелерін ұсынған болатын. Олардың қатарында өздерінің инженерлік, өнертапқыштық және ғылыми әзірлемелерімен бөліскен Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің  жас зерттеушілері де бар.

Мектебіміздің жас ғалымдары  ұсынған  жоба тақырыптары жан-жақты әрі алуан түрлі болды – Дәулет Мұханов пен Алдияр Пазылов нейрондық желілер арқылы қатерлі ісіктерді анықтаудың жаңа жүйесін әзірлесе, Наргиз Ахметова өкпе ауруларымен күресу жолын көрсетті. Нұрлыжан Алпыс электромобильдердің энергия тиімділігін қалай арттыру керектігін зерттесе, Иран Касымов зағип жандарға арналған құрылғыны жақсартпақшы, Нұртөре Арынұрұлы Artemia Salina-дан оңай сіңірілетін ақуыз алуды ұсынды, ал Даниял Қабдоллаев Қабанбай батыр тұлғасын жаңа қырынан ашты.

8 қарашада желілік жарыстың жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар есімі аталды. Апталық жарыс қорытындысы бойынша  мектебіміздің 8 оқушысы жеңімпаздар қатарынан көрінді:

1 орын

Наргиз Ахметова (Информатика) – «MedIm: disease discovery & medical imaging»

Нұртөре Арынурұлы (Биология) – «Получение легкоусвояемого белка из Artemia Salina»

2 орын

Алдияр Пазилов  және Даулет Муханов (Информатика) –  «NCDS» – Новая Система Обнаужения Рака

Даниял Успанов (Техника) – Рабочий орган для удаления льда с асфальтно-бетонных дорожных покрытий

Иран Касымов (Техника) –  «Доступный дисплей Брайля»

Даниял Кабдоллаев (Этномәдениеттану)- «Ұлы даланың дарабозы – Қаракерей Қабанбай»

3 орын

Салтанат Алишева (Ағылшын тілі)- «Digital storytelling as an effective means to improve students’ language skills».