NIS желісіндегі дәстүрлі «Туған елге тағзым» зерттеу-өлкетану экспедициясы өз жұмысын бастады.

«Туған елге тағзым – 2021» зерттеу-өлкетану экспедициясының ашылу салтанаты халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді.

2012 жылы бастау алған зерттеу-өлкетану экспедициясында күні бүгінгі дейін 3800-ге жуық оқушы жобаларын ұсынып, 322 тарихи-мәдени, өнеркәсіптік ұйымдарда зерттеу жұмыстарын жүргізді.  50 мемлекеттік музей, мемлекеттік маңызы бар 162 ұйым, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тізіміне енетін 17 және ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміне енген 3 нысан, жүздеген кітапханалар мен мұрғаттар жас зерттеушілердің жобаларына арқау болды.

 

Алғаш рет қашықтан форматында өткен «Туған елге тағзым – 2020» зерттеу-өлкетану экспедициясының жетістіктері мен экспедицияның маңызын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтау сөзінде айрықша атап өтті.

–Балалардың туған елге деген сүйіспеншіліктері зерттеу жұмыстарында көрініс тауып, Отанымыздың дамуы мен гүлденуіне үлес қосуда, бұл нағыз патриотизмнің көрінісі. Біз оқушылардыің тек стандарт негізінде ғана білім алуына жағдай жасамаймыз, оларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге, анализ бен қорытынды жасап, шешім шығаруға бағыттаймыз. Жас зерттеушілердің бойындағы құлшыныстарын көріп, біз педагогтар, бүгінде құрмет білдіріп отырмыз.

Экспедицияға қатысушылар «Ұлы дала өркениеті», «Ұлт руханияты – бабалар аманаты», «Туған өлкем – жұмақ екен», «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует», «Жасыл планета», «Әлеуметтік кәсіпкерлік және жаңа идеялардың күші», «Біздің күшіміз бірлікте!», «Селт еткізер, ерен ой», «Туған жер – тұғырым» атты 9 бағыт бойынша жобаларын ұсынатын болады.