Мектеп туралы

Миссия:

Болашағыңды осы жерде қала!

Ұстаным:

Зияткерлік мектеп оқушылары – ел болашағын қалайтын, тығырықтан жол таба білетін, адамгершілік құндылықтарға ие азаматтар.Түлектеріміз мақсаттарына жете отырып, қазақстандық және шетелдік озық университеттерде білім ала алады.

Құндылықтар :

Көптілді ортаны және мәдениеттер диалогін қолдау
Мұғалім, оқушы, ата-ана ынтымақтастығы
Азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу
Жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру
Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу
Өмір бойы білім алу

Стратегиялық мақсат:

Ғылым мен педагогикадағы отандық және халықаралық үздік тәжірибені көрсететін инновациялық білім беру моделін енгізу арқылы эмоционалды-жағымды білім беру ортасын құру.