Жатақхана жаңалықтары

Қызықты кездесу

Жақында Нур-Султан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында тұратын...

Жатақхана мектеп – территориясында орналасқан, Зияткерлік мектептің құрылымдық бөлімдерінің бірі. Мектеп жатақханасында Зияткерлік мектепте оқу барысында тұрғылықты орын қажет болған «Өркен» білім грантының иегерлерінің тұрады, тәрбиеленеді.

Жатақханадан мынадай жағдайда орын алуға болады:
• балалар үйінің тәрбиеленушілері;
• Зияткерлік мектептен алыс елдімекендер мен аудардарда тұратындар;
• Ата-ана қамқорлығынан айрылғандар;
• I, II және III топ мүгедектері;
• заңды өкілдері I, II және III топ мүгедектері болып саналатын оқушылар;
• заңды өкілдері аз қамтылған азаматтар санатындағы немесе жан басына шаққанда кірісі ҚР заңнамасында бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен саналатын отбасынан оқушылар;
• отбасындағы бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған (уақытша бірге тұрмайтындарын қоса есептегенде) бала саны 4 не одан да жоғары көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар;
• баласын жалғыз тәрбиелеп жатқан ажырасқан, жесір қалған толық емес отбасынан шыққан оқушылар.

Жатақханада тұру үшін денсаулығына байланысты медициналық тұрғыдан тыйым салынбайтын оқушыларға  рұсқат беріледі. Жатақханадағы орынды Нур-Султан қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының бұйрығымен құрылған Комиссия мен IB Назарбаев Зияткерлік мектебінің Комиссиясы бірлесе отырып бөледі.

Жатақхана  100 оқушы тұрады, оларға толық жағдай жасалған, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

Ер балалар мен қыз балалар жайлы бөлмелерде 2-3 адамнан топтасып тұрады. Оқушылардың әңгімелесуіне, демалуына ыңғайлы қонақ бөлмелер, конференцзал, өзіндік дайындалуға арналған кабинеттер мен тұрмыстық бөлмелер бар. Сабақтан кейінгі кешкі уақытта түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, театрға, киноға бару, спорттық жарыстар, конкурстар, викториналар, музыкалық кештер, мезгілдік экскурсиялар.

Жатақханаға басшылық жасайтын жатақхана меңгерушісі – Исхакова Гульназ Убайдуллаевна (iskhakova_g@ast.nis.edu.kz)

Жатақхана қызметкерлерінен тұратын команда балаларға үнемі қамқорлық танытып, әрқашан қолдау көрсетуге дайын.