Мектеп асханасы

Жас ерекшелігіне сай, физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратын пайдалы, әрі үйлесімді тағам –Зияткерлік мектеп оқушыларының денсаулығын қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі. Мектебіміз дұрыс тамақтануды насихаттауға, оқушылар арасындағы тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударады.

Қызмет көрсетуші ұйым  –  “Diyara ltd company” ЖШС

Әкімгері: Жексембекова Венера

Мектеп буфеті

Сағат  14:00 – 16:00 аралығында жұмыс істейді

Оқушылар 360 орындық мектеп асханасында тамақтанады. Асхана қажетті жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Мектеп асханасындағы 3 мезгіл тамақтану арнайы кестеге сай ұйымдастырылған

Мектеп асханасына келу кестесі 2022-2023 оқу жылы
8 және 12 сыныптар 7 және 9 сыныптар 10 және 11 сыныптар
Таңғы ас
7.40-8.10 8.40-9.10 9.25-9.45
Түскі ас
11.10 - 11.40 12.10 - 12.40 13.10 - 13.40
Бесін ас
14.25-14.45 15.10-15.30 16.05-16.20

Оқушылар үшін маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екіапталық ас мәзірі құрылған. Ас мәзірін құру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері, мектепте өткізетін уақыты ескеріледі. 2017 жылдың 16 тамызындағы СанПинге сай дәруменді-минералды кешенмен байытылған азық-түлік қарастырылған.

Ас мәзіріндегі тамақтар  дәмдік сәйкестігі, әртүрлілігі (күнделікті қайталанбайтындай), азық-түліктік құндылығы талаптарына сай таңдалып құрылады.

Мектеп қызметкерлері бөлек асханада тамақтанады.