Мектеп кітапханасы

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ

Мектеп кітапханасы мектепте оқушылардың жайлы және бейресми  болатын орын. Оқу сабақтарын өткізу, тапсырмаларды  орындау, компьютерде жұмыс істеу, музыка тыңдау және тіпті демалуға ыңғайлы.

Мектеп кітапханасы

✔ кітапхана және ақпараттық ресурстар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді,  ақпарат көздеріне  жол ашады.

✔ ақпаратты іздеу және сыни бағалау үшін алгоритмдер мен технологияларды үйретеді, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениеті негізіндегі оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді;

✔ пайдаланушылардың өздерін тәрбиелеу қабілетін дамытуға, оқушыларды әлемдік және ұлттық мәдениеттің қазынасына енгізуге ықпал етеді.

Мектеп кітапханасы бірыңғай ақпараттық және білім беру кеңістігін құрады, оқушыларға, оқытушыларға және басқа да мектеп қызметкерлеріне арналған кітапханалық және ақпараттық қызметтерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Кітапхана пайдаланушыларға келесіндей қызмет көрсетеді:

✔ жазылу (абонементте)  (үйге кітаптар беру);

✔оқу залында (мерзімді басылымдармен жұмыс, анықтамалық кітаптар, сирек басылымдар, ықшам дискілермен жұмыс жасау).

Кітапхана қоры

Кітапхана ақпараттық ресурстардың қаражатын пайдалануға мүмкіндік береді:

✔ кітап қоры (оқу-әдістемелік, көркемдік, танымал ғылым, анықтамалық әдебиет);

✔мерзімдік басылымдар қоры (газеттер, журналдар);

✔ электронды басылымдар қоры;

✔ спанықтамалық-библиографиялық аппарат (каталогтар, картотекалар).

Кітапхананың кітаптар қорының көлемі 30 000 дананы құрайды, олардың:  30% -ы қазақ , орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиет, 5% анықтамалық- энциклопедиялық әдебиет, 60% ғылыми-танымал, 5% – әдістемелік әдебиеттер.

Аға педагог-кітапханашы

Кәукенова Жаннұр Мейрамбекқызы

Телефон: 57-57-85 (внут. 2505)

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі – Жұма

Сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін

Сенбі 8.00-14.00

Электронные образовательные ресурсы

Электронные образовательные ресурсы – неотъемлемая часть информационно-образовательной среды  Интеллектуальной школы. Читатели  имеют доступ к  базам данных EBSCOhost, TWIG-BILIM и Bilimland. Электронные ресурсы доступны при наличии  у  пользователя  логина и пароля. Здесь можно не только просматривать информацию в режиме онлайн, но и скачивать ресурсы  на компьютер.

Кітап оқу дағдысын арттыратын кітапхана жобалары

Зияткерлік мектептердегі оқушыларға оқуға ұсынылған  «100 кітап» жобасы қазақтың тарихын, туған жердің  мәдениетін, үштілділікті, сонымен  қатар, басқа ұлттардың мәдениетіне толеранттылықпен қарауды қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі көркем шығармалар арқылы  ұғындыруға бағытталған.

Жобаның мақсаты: түрлі әрекеттер арқылы кітапқа деген сүйіспеншілікті, оқуды арттыру. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бастамасымен 100 кітаптың тізімі даярланып, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқушылардың оқуға тиісті танымал қазақ классикалық әдебиетінің 60 шығармасы  мен әлемдік әдебиеттің іну-маржандары саналатын 40 шығарма ұсынылды. Әр шығарма өзі жазылған түпнұсқа тілде оқуға ұсынылады.

Оқуға кеңес береміз. Оқушыларға өз бетінше оқуға ұсынылатын тарих, мәдениет және әдебиет бойынша “100 кітап” тізбесі

✔ D.E.A.R. – Drop Everything And Read – күнделікті 20 минуттық үзілістесүйікті кітабын оқудан лаззат алу үшін мектеп қызметкерлері және оқушылар өздеріне ұнаған  көркем шығармаларын оқуға арнайды.

✔ READx – оқи отырып, өзіне жаңа мәліметтер алған, жаңалықтар ашқан қызықты адамдардың адамдарға шабыт сыйлар көпшілік алдындағы сөзі. Кітап оқудың арқасындағы бұл ашылулар көпшілікке таратуға болатындай тәжірибе. READx сөйлеушілерінің білімі мен тәжірибесі олар туралы көпшіліктің білуіне тұрарлық еңбек.

✔ 123 – 30 күн бойы оқушылар күн сайын 20 минуттан кітап оқып, 3 минут оқығаны туралы жазады. Тіркеу  карточкасына жазып, күн сайын кітапханашының мөрі басылады.

✔ “Книжный сюрприз” – халықаралық Балалар кітабы күнін мерекелеу аясында мектеп қауымдастығы мүшелері өзара кітап алмасады.

✔ «Стартуем с книгой» – бұл акция 7-сынып оқушыларының оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. 1 қыркүйекте жоғары сынып оқушылары 7-сыныпқа қабылданған оқушыларға қызықты кітаптар сыйлайды.

✔ Memoro – естелік жоба. Оқушылардың қарт адамдардың қатысуымен өткізілетін бейне-естелік ұйымдастыру жұмысы.

✔ Bookcrossing – Тұңғыш Президент мерекесі аясында өткізілетін желілік әлеуметтік акция. 2012-2018 жылдар арасында акция шеңберінде  25 000 астам кітап берілді.

✔ «Book. Tea. Talk.» Оқырмандар клубы  көркем әдебиет оқуға ерекше қызығатын 7-12 сынып оқушыларына арналған. Клуб бағдарламасы оқушылардың тіл байлығының артуына, сөйлеу дағдыларының қалыптасуына, шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді.