Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің логотипі
Логотип (грек тілінен LOGOS және TYPOS, СӨЗ және ҚОЛТАҢБА сөздерінен шыққан) – атаудың түпнұсқалық бас әріптерімен үйлескен графикалық символ.
Мектептің логотипі Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің символы болып табылады. Логотиптің графикалық символы жасыл түспен боялған және компанияның ағылшын тілінде бірінші әрпі берілген өркен бейнесінің негізінде жасалған.
Өркен – әлемді танып, құпиясын ашатын өскелең ұрпақ. Жасыл түс өмір түсі болып саналады, ол графикалық белгімен астасып, Бастау және Өсу символын береді.
Компания атауының бірінші әріптеріне Сенімділік, Өсу, Қалыптасуды бейнелейтін қызыл қола (мыс) түс алынған. Логотиптің графикалық тұғыры: өркендей бастағаннан кәмелеттікке жеткенге дейінгі аралық. Графикалық және мәтіндік белгілер логотиптің мәтіндік жазбасының жоғарғы жағында орналасқан. Логотиптің барлық үш бөлігі логотиптің ажырамас бөлігі саналып, бірге пайдаланылады. Мектеп Логотипі түрлі рәсімдерде және басқа жалпы мектептік деңгейдегі салтанатты іс-шараларда, сондай-ақ мектептің ресми қағаздарында көрсетіледі.
Мектеп Логотипін салғанда, шығарарда оның толық сипаттамасына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс. Логотипті түрлі-түсті немесе бір түсті түрде, көлемді немесе графикалық бейнеде шығаруға болады; әртүрлі техникада орындауға және алуан материалды пайдалану мүмкіндігі бар.
Корпоративтік ою-өрнек
Корпоративтік ою-өрнектегі зер үлгісі өзгеріссіз графикалық белгіден алынған және ол жас өркенді бейнелейді.
Корпоративтік ою-өрнекті пайдалану назар аудартады және халықтық дәстүрді қадірлеуді көрсетеді, эстетикалық құндылық береді. Сонымен қатар корпоративтік ою-өрнек Зияткерлік мектепті белгі арқылы тануға, есте сақтауға мүмкіндік беретін көмекші элемент болып табылады.