Мектептің спорттық өмірі
Тән саулығы – табысты оқу кепілі
Мектептің спорттық өмірі,
спорттық іс-шаралар,
спорттық жетістіктеріміз жайлы
Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың тән саулығына, өмір қауіпсіздігіне, денсаулығына, физикалық белсенділігіне ерекше көңіл бөлінеді. Оқушы ағзасының мүмкіндіктерін ашып, денсаулығын нығайтуға жағдай жасайтын спорттық-сауықтыру шаралары Зияткерлік мектептің оқу және тәрбие бағдарламаларының негізгі бөлімі болып табылады.
Зияткерлік мектептердің білім беру үдерісінде оқушыларға физикалық белсенділіктің жетіспеу проблемасы:
- сабақта оқушылардың физикалық белсенділігін барынша қамтамасыз етуге бағытталған «Дене шынықтыру» пәні арқылы;
- Зияткерлік мектептерде Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тән саулығына қатысты тақырыптар көптеген пәндерде беріледі. Дене тәрбиесі пәнін адамның денсаулығы, дұрыс тамақтану, тазалық, өмір салты және т. б. байланысты тақырыптарды өтуді көздейтін басқа пәндерге кіріктіру арқылы;
- сабақ үстінде, сабақтар арасындағы үзілістерде оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, сабақтар арасында серпінді музыкалық үзілістер немесе би флэш-мобтарын өткізу арқылы;
- Оқушылардың академиялық үлгерімін арттыру және оқу күйзелісін төмендету үшін әрбір оқушының міндетті түрде спорт секциясына қатысуы арқылы шешілген.
Мектепте оқушылардың спортпен айналасуы үшін үлкен және кіші спорт залдары, жаттығу залы, мектеп ауласында жасанды жабынмен көмкерілген баскетбол, волейбол, футбол алаңдары, жүгіру жолы, қашықтыққа секіруге арналған орын, гимнастикалық алаң жабдықталған.
Зияткерлік мектепте салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық іс-шараларға, мерекелер мен спорттық жарыстарға мектептің оқушылары мен олардың ата-аналары, мұғалімдер белсене қатысады. Спорт түрлерінен: баскетболдан, волейболдан, мини-футболдан, үстел теннисінен, жеңіл атлетикадан мектепішілік жарыстар оқу жылы барысында жүйелі өткізіледі. Жарыстардан басқа елеулі даталар мен оқиғаларға орай түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, атақты спортшылармен кездесулер, басқа мектептің командаларымен достық кездесулер өткізу дәстүрге айналған.
«Дене шынықтыру» пәні мұғалімдері оқушылардың физикалық іс-әрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін және дағдыларын дамытуға ықпал етіп, олардың жеке гигиена, психикалық денсаулық және салауатты өмір салты қағидалары тұрғысында жалпы дамуына жағдай жасайды.
Оқушылардың академиялық үлгерін қамтамасыз етумен қатар дене тәрбиесіне мән беру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа дағдыландыру үшін Зияткерлік мектепте спорт секциялары жұмыс істейді.
№п/п | Спорт секциясы | Өткізілу уақыты | Сыныптар | Өткізілу орны | Жаттықтырушы |
---|---|---|---|---|---|
1. | Баскетбол | Дүйсенбі 16:30-18:00 | 7-10 сынып (қыздар) | Кіші спорт зал | Шакенова М.С. |
Сейсенбі 16:30-18:00 | 7-10 сынып (ұлдар) | Үлкен спорт зал | Жанибеков Е.А. | ||
Бейсенбі 16:30-18:00 | 7-10 сынып (қыздар) | Үлкен спорт зал | Шакенова М.С. | ||
2. | Футбол | Сәрсенбі 16:30-18:00 | 17.03.2036 | Үлкен спорт зал | Турапеков С.А. Кыдырмоллаев Н.Т. |
Жұма 16:30-18:00 | 7-12 сынып | ||||
3. | Волейбол | Дүйсенбі 16:30-18:00 | 9-10 сынып (ұ., қ.) | Үлкен спорт зал | Мамиева Н.К. Сантаев С.Ж. |
Жұма 16:30-18:00 | 31.03.2036 | Кіші спорт зал | Мамиева Н.К. Сантаев С.Ж. | ||
Бейсенбі 16:30-18:00 | 21.03.2036 | Кіші спорт зал | Егизбаев С.Б. | ||
4. | Үстел теннисі | Сейсенбі 16:30-18:30 | 7-12 сынып (ұ., қ.) | 0 қабат | Жетубаев Руслан Шалабаевич |
Бейсенбі 16:30-18:30 | |||||
Сенбі 13:00-15:00 | |||||
5. | Атлетикалық гимнастика | Дүйсенбі 16:30-18:00 | 9-12 сынып (ұ., қ.) | Жаттығу залы | Бектемиров М.А |
Сейсенбі 16:30-18:00 | 9-12 сынып (ұ., қ.) | Абуова У.Ж. | |||
Сәрсенбі 16:30-18:00 | 9-12 сынып (ұ., қ.) | Бектемиров М.А | |||
Бейсенбі 16:30-18:00 | 9-12 сынып (ұ., қ.) | Абуова У.Ж. | |||
Жұма 16:30-18:00 | 9-12 сынып (ұ., қ.) | Кыдырмоллаев Н.Т. Турапеков С.А. | |||
6. | Жеңіл атлетика II-жартыжылдық Шаңғы | Дүйсенбі 16:30-18:00 | 7-9 сынып (ұ., қ.) | Спортивная алаңы (мектеп ауласы) | Гаар В.В. |
Сәрсенбі 16:30-18:00 | |||||
Жұма 16.30-18.00 | |||||
7. | Бадминтон | Сейсенбі 16:00-18:00 | 7-12 сынып (ұ., қ.) | Кіші спорт зал | Егизбаев С.Б. |