Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі әріптестік қарым-қатынас орнатып, бірқатар шетел мектептерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған.
✔ “PERMATApintar” дарынды жастарға арналған Ұлттық орталық (Малайзия)
✔ Ганновер аймағының халықаралық мектебі (Германия)
✔ Бирчвуд орта мектебі (Ұлыбритания)
Серіктестіктің негізгі бағыттары:
✔ оқушылармен алмасу;
✔ оқу-білім беру бағдарламасын ұйымдастыру бойынша тәжірибе тарату;
✔ әлем азаматын тәрбиелеу.
Алмасу бағдарламасы оқушылардың келесі қасиеттері мен дағдыларын дамытуға бағытталған:
– елдердің мәдениетін, тарихын, тұрмыс ерекшеліктерін және оқу-білім беру жүйесін зерттеу, сондай-ақ әлемнің жалпы сипаты туралы түсінігін кеңейту;
– зерттеу дағдыларын дамыту, шағын жобалармен жұмыс істеу, мектеп және университеттер зертханаларында тәжірибелік эксперименттер жүргізу;
– “Host student shadowing – өзін қабылдаушы құрдастарының көлеңкесі” принципі бойынша оқуды ұйымдастыру, сондай-ақ оқушының таңдауы бойынша пәндерді оқыту;
Алмасуды іске асыру келесі мақсаттар арқылы жүзеге асырылады:
– жалпы білім беретін мектепте оқыту;
– мектеп оқушысының отбасында бірге тұру.
Бұл тәжірибе баланы мекен-жайға орналастырудың басқа түрлерімен салыстырғанда оқытудың бір бөлігі болып табылады, өйткені бала бейресми ортада болып, шын мәнінде баланы қабылдаушы шетелдік отбасының мәдениетімен, дәстүрлерімен және күнделікті өмірінің өзге де аспектілерімен таныстырады.
-100% шет тілді тіл ортасына ену, себебі мектептерде оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.
Оқушылармен алмасудан күтілетін нәтижеде Зияткерлік мектеп НЗМ оқушыларының көпмәдениеттік санасын кеңейтуін, олардың лексикалық және грамматикалық қорын байытуын, қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын жетілдіруін, сондай-ақ жаһандық мәселелерді түсінуін және оларды шешу перспективаларын тереңдете түсуін көреді.
PERMATApintar – беделді мемлекеттік университеттердің бірі Банги Ұлттық университетінің кампусында орналасқан 12 – 17 жас аралығындағы дарынды жастарға арналған Ұлттық орталық. «Әр бала бағалы»; «Әр бала – ұлт игілігі (PERMATA)» және «Әр бала – ұлттың адами капиталы». Бұл – PERMATA бағдарламасының философиясы. PERMATApintar өкіметтің инициативасын қамтиды және кіріктірілген және тұтас білім беру жүйесінің іргетасын құруға күш салады.
PERMATA бағдарламасы ыңғайлы оқу ортасында зерттеулер мен тәжірибелер, эксперименттер арқылы сананы ынталандыруға бағытталған. Оқу бағдарламалары оқуға қолайлы жағдайда студенттерді талдау, топтық жұмыс, тәжірибелік жұмыс және ақпараттарды қолдану арқылы оқу үдерісіне белсенді қатыстыруға негізделген.
Малайзия премьер-Министрінің жұбайы Датин Падука Сери Росмах Мансор Зияткерлік мектепте, 2011 жыл 4 маусым.
Қазақстан Республикасындағы Малайзия елшісі Дато Хидаят Абдул Хамид 2015 жылы 22 қаңтарда Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді.
2015 жылдың қазан айында ынтымақтастық бағдарламасы шеңбері аясында дарынды жастарға арналған PERMATApintar (Малайзия) мектеп Орталығында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына, сонымен қатар PERMATApintar (Малайзия) оқушылары үшін 12-21 қаңтарға дейін Астана қаласы (ФМБ) Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында екі апталық оқу ұйымдастырылды.
2016 жыл
2018 жыл
2019 жыл
Сапар күнделігі. НЗМ оқушылары дарынды балаларға арналған «PERMATApintar» орталығында. 2018 жыл 25 наурыз – 6 сәуір (Банги қаласы, Малайзия)
Сапар күнделігі. 2019 год
Халықаралық Ганновер мектебі – 3 жасар балабақшадағы баладан 12-сыныпқа дейінгі балалар оқитын мектеп. Халықаралық мектеп Ганновер қаласының көп ұлтты қауымдастығы және оның аймағына қызмет көрсететін тәуелсіз мектеп болып табылады. ISHR Халықаралық Мектептер кеңесімен (CIS) және Жаңа Англияның мектептері мен колледждері қауымдастығымен (NEASC) аккредиттелген және неміс халықаралық мектептері қауымдастығына (AGIS) кіреді. Мектеп IB (Халықаралық бакалавриат), PYP, MYP және IB дипломдық бағдарламаны оқытады және “Ergänzungsschule” мәртебесіне ие.
19 қаңтар 2017 жылы Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рольф Мафаэль Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды.
2017 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Зияткерлік мектеп халықаралық Ганновер мектебінің екі оқушысы және бір мұғалімінен тұратын бірінші топты қарсы алды.
2018 жылдың қыркүйегінде Астанаға Ганновер оқушыларының екінші тобы келді.
Сапар күнделігі. Ганновер. 2017 жыл
Сапар күнделігі. Ганновере. 2018 жыл
2022 жылдың 18 қарашасында Ганновер аймағы халықаралық мектебінің оқытушысы Крис Коллинз Астанадағы ФМБ НЗМ-де болып,
оқушылармен өзара алмасу бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сапар күнделігі. Ганновере. 2023 жыл
Ганновер мектебінің оқүшылары: Астанадағы кездесу. Қыркүйек, 2023 жыл
Бирчвуд мектебінің негізі 1991 жылы білім беру қызметі академиялық тұрғыға бағыттала отырып қаланған. Мектепте А-Level және GCSE бағдарламалары бойынша бірінші сыныптан он екінші сыныпқа дейін 1460 бала білім алады. Білім беру мекемесі өз оқушыларының үлгерім көрсеткіштері жағынан, адами, электронды және басқа да материалдық ресурстармен қамтамасыз ету деңгейі жағынан көш бастап келеді. Осының нәтижесінде мектеп түлектері Russell Group Universities беделді рейтингі бойынша Ұлыбританияның үздік ЖОО-ға оқуға түседі.
Бирчвуд мектебінің стратегиялық бағыты барлық баланың білім алуы үшін тең мүмкіндік туғызу. Мектеп жанында «Бишопс Стортфорд білім беру орталығы» жұмыс істейді. Орталық мектеп түлектерін қазіргі инновациялық педагогиканың тәжірибелік бағыттары және ғылыми-зерттеушілік қызмет бойынша ЖОО-ға дайындаумен айналысады.
2013 жылдың қарашасынан бастап 2015 жылдың наурызы аралығында Астана қаласы ФМБ НЗМ директоры Мейрам Жакенов мектептің менеджмент және көшбасшылық мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізу мақсатында Бирчвуд мектебіне барып жүрді. Нәтижесінде Жакенов мырза оқушылардың білім алу және сол жерде тұру шарттарымен жеке танысып шықты, мектептің педагогикалық ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеді.
Сонымен бірге, Бирчвуд мектебінің директоры Крис Ингейтпен келіссөздер нәтижесінде Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасында серіктестік орнату мүмкіндігі талқыланды. Болашақ бағдар ретінде мұндай серіктестік оқушылардың бір апта көлемінде тегін білім алып, олардың отбасымен бірге тұру мүмкіндігі ретінде қарастырылды. 2014 жылы мектеп директоры Крис Ингейт Астана қаласы ФМБ НЗМ келіп кетті. Ол Зияткерлік мектептің білім беру шарттарымен, материалды-техникалық базасымен танысты.
Сапар күнделігі. 2017 жылдың 10-17 желтоқсаны аралығында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 оқушыдан тұратын бірінші тобы алмасу бағдарламасы бойынша Birchwood High School мектебіне барып келді.