
Бейсембинова Асель Сайдугалиевна
Директор
Әсел Сайдуғалиқызы Бейсембинова 2002 жылы «Аударма ісі» мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
2008 жылы Педагогика және Психология факультетінің магистратурасын "Білім берудегі басқару" бойынша тәмамдады.
2015 жылы Master of Science in Educational Leadership академиялық дәрежесімен "Educational Leadership" бойынша Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебін аяқтады.
Әсел Сайдуғалиқызы Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде 2011 жылдан бастап еңбек етеді. Ол Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде директордың сыртқы байланыстар бойынша, оқу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2020-2021 оқу жылында Әсел Сайдуғалиқызы Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектеп директоры болып тағайындалды.
Зияткерлік мектептердегі жұмыс жылдарында Швеция, Армения, Ұлыбританияның білім беру ұйымдарында тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтті.
Әсел Бейсембинова СLIL-дің сертификатталған тренері, оқушылардың кәсіби дамуын қолдау бойынша тренер, сондай-ақ CIS аккредитациясы бойынша сертификатталған эксперт болып табылады.
Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2022 жылдың тамыз айында Әсел Бейсембинова Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директоры болып бекітілді.

Қайыркенова Райгүл Алтынбекқызы
Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары
Райгүл Алтынбекқызы Қайыркенова 1996 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы Андроновка ауылы мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.
2000 жылдан бастап Семей қаласындағы Шығыс гуманитарлық институты филиалында оқытушылық қызметке ауысып, тарих және философия пәндерінен сабақ берді, күндізгі кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
2004 жылы Райгүл Алтынбекқызы туған мектебіне оралып, тарих пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
Зияткерлік мектеп жүйесіне 2009 жылы келіп, куратор, кәсіптік бағдарлау инспекторы, директордың бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылы директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары болып бекітілді.
Райгүл Алтынбекқызы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Дарынды балаларды дамыту» бағдарламасының бірлескен авторы.
2022 жылдың тамыз айында Райгүл Қайыркенова Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Еркін Жанболатұлы Сапуанов
Директордың қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасары
Сапуанов Еркін Жанболатұлы 2011 жылы Бизнес және сервис колледжін «Банк ісі» мамандығы бойынша, 2014 жылы Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Қаржы менеджменті саласындағы еңбек жолын Еркін Жанболатұлы 2011 жылы Хоум Кредит Банкінде бастады. 2014 жылдан бастап «АТФ Банк» және «Альфа-Банк» АҚ МСБ несиелеу бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.
2016 жылы Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне экономист ретінде қабылданды.
2022 жылдың сәуір айында Сапуанов Еркін Жанболатұлы директордың қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Ардақ Қайролинқызы Нұрышева
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Нұрышева Ардақ Қайролинқызы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология факультетін «Химия және биология мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы педагогикалық өтілі – 29 жыл. Еңбек жолын 1995 жылы Жарық станциясындағы №136 орта мектепте биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. Зияткерлік мектептер жүйесінде 2013 жылдан бастап еңбек етеді. Оқушылардың ғылыми жобалар дайындаудағы жетістіктері, шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары үшін Ардақ Нұрышева «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. 2022 жылдың қараша айында Ардақ Қайролинқызы Нұрышева Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Турганалина Жулдыз Сапаровна
Мектеп директорының сыртқы байланыстар бойынша орынбасары
Тұрғаналина Жұлдыз Сапаровнаның екі жоғары білімі бар: Арқалық педагогикалық институты (ағылшын тілі мұғалімі) және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (экономист-менеджер). 2018-2020 жылдары Назарбаев Университетінің магистрлік бағдарламасын аяқтап, білім беруді басқару магистрі дәрежесін алды. Диссертацияның тақырыбы "Қазақстандық жалпы білім беретін мектептердегі критериалды бағалау: мұғалімдердің көзқарасы мен тәжірибесі".
Еңбек жолын 1998 жылы Арқалық қаласындағы №10 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып бастады. 2000-2014 жылдар аралығында Жұлдыз Сапарқызы "Астана Профсервис" оқу орталығын басқарды. 2017 жылы Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ағылшын тілі мұғалімі болып қабылданды. 2021 жылдың тамыз айынан бастап ағылшын тілі, ЖПЖЖ және экономика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болып сайланды.
2022 жылдың қазан айында Тұрғаналина Жұлдыз Сапарқызы Астана қаласындағы ФМБ НЗМ директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Аян Серікұлы Алтынбеков
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Аян Серікұлы Алтынбеков 2005 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Сол жылы еңбек жолын Талдықорған қаласындағы қазақ-түрік лицейінде физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2009 жылы Көкшетау қаласының Зияткерлік мектебіне жұмысқа қабылданды. Мектепте жұмыс істеген жылдары сарапшы-мұғалім біліктілік деңгейіне ие болып, физика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін басқарды.
2014 жылы Аян Серікұлы Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары болып бекітілді.
2021-2022 оқу жылында Аян Серікұлы Алтынбеков Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.