Мектеп директоры

Мейрам Әміржанұлы Жәкенов

Қымбатты достар! Нур-Султан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сайтына хош келдіңіздер!
Нур-Султан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – «Интеллектуалды ұлт – 2020» жобасы аясында ашылған бірінші мектеп. Мектептің ашылу салтанатында, 12 қаңтар 2019 жылы сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бұл мектеп ғылым, экономика, және саясат салаларында жетекшілік қызметке жан-жақты дайын талантты балаларға арналған» – деген болатын.

2016 жылдың қазан айында мектеп Халықаралық Мектептер Кеңесінің  (CIS) аккредитациясынан өтті.

Заманауи оқу кабинеттерімен, кеңейтілген физика, химия, биология зертханаларымен, оқу және ойын аймақтарымен жабдықталған Зияткерлік мектеп балаларға қолайлы да жайлы орта қалыптастырады.  Мектепте спорт және жаттығу залдары, кітапхана, асхана, медициналық блок, хореография және акт залы, оранжерея бар.

Зияткерлік мектеп «толық күн мектебі» болып табылады. Күннің бірінші жартысында оқушылар мектептің оқу бағдарламасы NIS-Рrogram енген негізгі және бейінді пәндерді оқиды. Түстен кейін оқушыларды алған білімдерін тереңдетуге ықпал ететін қосымша сабақтар күтеді.  Қосымша бағдарламалардың алуан түрлі және қолжетімді болуы академиялық жетістіктермен қатар, балалардың қалыптасуына, тұлғалық, шығармашылық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Зияткерлік мектепте ана тілі негізінде екінші және үшінші шеттілін оқып-үйренуге және олардың басқа пәндермен үйлестіруге мүмкіндік беретін көптілділік бағдарламасы бар. Мектепте Ұлыбританиядан, АҚШ, Канада, Норвегия, Кения, Финляндия және  т.б. мемлекеттерден келген мамандар жұмыс істейді. Олар қазақстандық әріптестерімен бірге Team–teaching – командалық оқытуды тәжірибеге енгізуде.

Мектепте өтетін мерекелер, фестивальдар мен концерттер, түрлі ойындар, театр мен мұражайларға бару оқушылар мен мұғалімдердің ынтымақтастығын арттырып, үлкен қауымдастыққа біріктіреді.

Мектептің асханасы оқушыларды үш рет: таңғы және түскі аспен, бесін тіскебасарларымен  қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда оқушыларға мектеп жатақханасынан орын беріледі.

Қызықты оқиғаларға, жаңалықтар мен  әсерге толы Зияткерлікке мектепке хош келдіңіз!

Құрметпен, мектеп директоры  – Жакенов Мейрам Әміржанұлы.