Оқуға кел, жас ұлан!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы,  Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Орал, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

 

Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 18 желтоқсан мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі Нұр-Сұлтан қ. физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебі, Хусейн бен Талал к.,
21 ғимарат (Назарбаев Университетінің арты), тел.: 8 (7172) 55-98-01