ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ  ДАМУҒА ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ  ДАМУҒА ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

15 ақпанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында  жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша өткен желілік олимпиада аяқталды.
Ақпанның 13-і мен 15-і күндері мектеп оқушылары нақты ғылымдар бойынша үздік атағын сарапқа салды.
16-18 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталатын болады.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Р.А. Қайыркенованың айтуынша, мектеп оқушыларының желілік олимпиадасында елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің командасының атынан 40-тан астам бала білім-білік дағдысын көрсетуде.
«Биыл мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау үдерісіне бұрын түрлі зияткерлік сайыстарға қатысқан жас ұстаздар қосылды. Күрделі олимпиада тапсырмаларын орындай отырып, балаларымыз табандылық танытады, жеңіске деген ынта-жігерін, алғырлығы мен шығармашылық қабілетін көрсетеді деп сенеміз», – деп атап өтті Райгүл Алтынбекқызы.
«Пәндік олимпиада өзіңді көрсетуге мүмкіндік береді. Болашақтың көптеген мамандықтары химиямен байланысты болғандықтан, мен болашағымды осы ғылыммен байланыстырамын. Міне, бір жылдан бері тынбай дайындалып жүрмін. Олимпиадаға қатысу одан әрі дамуға ынталандырады деп ойлаймын, – дейді 10Д сынып оқушысы Абылай Қабдулхадыр.