«ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР» МОНУМЕНТІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
Сұрапыл соғыстан кейін қаншама жылдар өтсе де, Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алып, олардың рухына бас ию бір сәт ұмыт болған емес.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары мен педагог – кураторлары «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды. Өшпес мәңгілік алау от жалындаған бұл мемориалдық кешен туған жерін қорғауда ерекше ерлік көрсеткен қазақ батырларына арнап бой көтерген.
Оқушылар Мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Осылайша Зияткерлік мектеп оқушылары атынан гүл шоқтарын қойған жеткіншектер қаза болған жауынгерлер рухына бас иіп, оларға деген шексіз алғысын білдірді. «Біз әрбір солдаттың ерлігін ұмытпаймыз және мақтан тұтамыз! Кең байтақ Отанымызды жанын қиып қорғаған жауынгерлер есімізде болса, олар біздің жүрегімізде мәңгі тірі болады», – дейді 11-сынып оқушылары.