Қыркүйектің соңғы сенбісіндегі бұлтты ауа-райы велосипед шеруіне қатысушыларға кедергі болмады. Көтеріңкі көңіл-күйдегі оқушылар мен олардың ата-аналары “Отбасылық велошеруге” шықты.
Жоспарланғандай, веложарысқа қатысушылар мектеп алаңынан таңғы 10-да старт алды. Олар ұзындығы 2 шақырым болатын мектептің айналасындағы айналма жол арқылы жоғары жылдамдықпен жүріп өтті. Трассадан кейін велосипедшілер мектептің спорт алаңына оралып, «темір тұлпарларымен» спорттық эстафеталарға қатысты. «Шаңырақ» және «Достық» командалары арасындағы ойын сынақтарында олардың ептілігі мен реакция жылдамдығы сынға түсті.
“Отбасылық велошеру” оқушылар мен ата-аналарды дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылдануға шақыра отырып, салауатты өмір салтын осылайша насихаттады.