ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРЫ ӨТТІ

30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаратылыстану – математикалық цикл пәндері бойынша оқушылардың Президенттік олимпиадасының бірінші-өңірлік кезеңі өтті.

Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын өткізілетін олимпиаданың іріктеу кезеңіне 12 сыныптың 20 оқушысы қатысты. Қатысушылар төрт пән бойынша: математика, физика, химия және биологиядан өз білім деңгейін көрсетті.

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қараша айында өтетін Президенттік олимпиаданың желілік кезеңіне қатысатын болады.

Президенттік олимпиаданы ұйымдастырушы – Білім және ғылым министрлігі жанындағы “Дарын “республикалық ғылыми-практикалық орталығы.