Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 7 С сыныбында Пушкин кеші өтті.
Ұлы ақын өлеңдері мен «Евгений Онегин» поэтикалық романынан үзінділерді жатқа оқыған 13 жасар ұл-қыздар екі ғасыр бұрын жазылған өлең жолдарын жүрек тебіренте мәнерлеп жеткізуге тырысты.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Искакованың айтуынша, оқушылар табиғат арқылы Александр Сергеевич халықтың жан дүниесін де, көңіл-күйін де шебер суреттей білгенін жақсы түсінеді.
Поэзия кешінен алған әсерлерімен бөліскен оқушылар Пушкинді тани отырып, орыс әдебиетінің бай мұрасымен танысқандырын тілге тиек етті.
Рамазанов Арслан:
– Бүгін ақынға бір қадам жақындағандай болдым. Оның қаншалықты түсінікті және қарапайым жазғаны таң қалдырады! Өлеңдердің өзі тез жатталып, жадыңда қалады.
Чикаев Ансар:
– Бұл кешке менімен бірге бүкіл отбасым дайындалды, әсіресе анам. Ол менің режиссерім болды: әйгілі «Бесы» өлеңін бейнетаспаға жазу үшін анам екеуміз қаладағы жылқылардың мүсіндерін іздедік. Бір қуанарлығы, елордамызда ондай инсталляциялар көп-ақ екен.
Естеу Мансур:
– Оқығанымды бейнетаспаға жаздым, өлең ырғағына еніп, мәнерлеп оқу мен үшін өте маңызды болды. Өзіме ризамын. Ата-анам да менің жаңа жетістіктеріммен мақтанады.
Түсіпова Назылы:
Көпшіліктің алдында өлең оқыған емеспін. Менің ойымша, бұл тұрғыда Александр Сергеевичтің өзі қорқынышымды жеңуге көмектесті. Оған рахмет.
Әсімхан Нұршапағат:
– Бүгінгі әдебиет кешінде не сезіндім? Қуаныш пен қуаныш! Бір команда болып бәріміз бірге дайындалдық. Пушкиннің шығармаларын өз бетімше зерттеп, оқимын деп ойлаймын.