РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

4 қарашада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы аяқталып, жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.
NIS халықаралық бакалавриат мектебінде қазылар алқасы жаратылыстану-математикалық бағыттағы жүзден астам жұмысты қарады. Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінің базасында ғалымдар гуманитарлық және әлеуметтік-әлеуметтік бағыттағы секциялар бойынша 90-ға жуық жұмысты талдап, бағалады.
Беделді қазылар алқасының құрамына Астана мен Алматы қалаларындағы үздік университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен оқытушылары кірді.
Республикалық ғылыми жобалар байқауының іріктеу кезеңіне Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері 30-дан астам жоба ұсынды.
Байқау нәтижелері бойынша Алматы қаласында өткен гуманитарлық және әлеуметтік-қоғамдық бағыттағы секцияларда жеңімпаз танылған оқушылар:
1 орын – Менликул Нұрмұхамет & Әлжан Арслан (секция «Тілтану. Ағылшын тілі») тақырыбы: “Old English. The effects of Viking raids on language development”, жоба жетекшісі – ағылшын тілі мұғалімі Омурбеков Тимур Ажибаевич;
2 орын – Аружан Аусат ( секция «Тілтану, Ағылшын тілі»), тақырыбы: “The effect of bilingual education on academic performance of school students”, жетекшісі – ағылшын тілі мұғалімі Нурғалиева Алмагул Әділбековна;
2 орын – Қали Жаннұр (секция «Тілтану. Қазақ тілі»), тақырыбы: “Ағылшын тіліндегі көркем туындыларды қазақ тіліне аударудағы лингво-мәдени ерекшеліктері”, жоба жетекшісі- қазақ тілі мұғалімі Ыбраш Анаргүл Сейітқалиқызы;
3 орын – Ерасыл Айбекұлы (секция «Тілтану. Қазақ тілі), тақырыбы: “Табу сөздердің заманауи қолданысы”, жоба жетекшісі – қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жанаева Гульбала Шералиевна;
Қазылар алқасының шешімімен жаратылыстану-математика бағытындағы секциялар бойынша жеңімпаз танылған жобалар мен олардың авторлары:
2 орын – Зейнулла Ансар (секция «Экономика»), тақырыбы: “Мобильное приложение Izdew”, жоба жетекшісі – география пәнінің мұғалімі Жүнүсбаева Марал Турмысовна;
2 орын – Естекпай Асанали, Кунбулатов Арлан (секция «Биология») тақырыбы: “Искусственное получение каучука из одуванчика”, жоба жетекшісі – биология пәнінің мұғалімі Нурышева Ардак Кайроллиевна;
3-орын – Бекаманова Самира (секция «Математика») тақырыбы: “Огибающая”, жоба жетекшісі – математика пәнінің мұғалімі Апеева Гүлнара Кенжебаевна.