Римма – бірінші

9- сынып оқушысы Бурабаева Римма 1 маусымда өткен бірінші республикалық «Біз іздеген таланттар» байқауында өнер көрсетіп, байқаудың жүлдегері атанды. Римма  «Қылықты қыз» биімен көрермендер мен қазылар алқасын өзіне тәнті етіп, байқауда 1-орынды жеңіп алды. Орындашылық шеберлігі үшін Бурабаева Римма  республикалық байқаудың арнайы дипломы мен медалімен марапатталды.